Жоғары кәсібилігі мен ісіне берілгендігі үшін

Құқық қорғау органдары академиясында жоғарғы оқу орнының ректоры Ерғали Мерзадиновты демалысқа шығарып салды.

Академияның бірінші проректоры Қалиолла Сейтенов Ерғали Мерзадиновтың мемлекет алдындағы ерен еңбегін, Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдарының қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Ерғали Мерзадинов қырық жылдай уақытын заң мен құқыққа қызмет етуге арнады. Оның прокурорлық салада мол тәжірибесі, керемет кәсіби мектебі бар.

Қадағалау қызметінің ең маңызды учаскелерінде жұмыс істей отырып, ол заңдылықты қамтамасыз ету, прокуратураның қоғамдық беделін нығайту ісіне қомақты үлес қосты. Аудандық прокуратураның тағылымгерінен Бас Прокурордың орынбасары, Ішкі істер Вице-министріне дейінгі жолдан өтті. Барлық жауапты лауазымдарда оның ұйымдастырушылық таланты мен жоғары кәсіби әлеуеті айқын ашылды.

Ерғали Мерзадиновтың басшылығымен Академияның Ғылыми-білім беру қызметінің маңызды нәтижелеріне қол жеткізілді. Академия институционалдық аккредиттеуден сәтті өтіп, ТМД елдерінің Базалық білім беру ұйымы мәртебесіне ие болды. Жас мамандарды кәсіби даярлау бағдарламасын жүзеге асыру сәтті басталды.

Еліктеуге лайықты өмір мен еңбек өмірбаяны, қоғамның мойындауы мен жоғары беделі – мойындалған кәсіпқойдың рухтандырушы үлгісі. Көптеген прокурорлық қызметкерлер үшін Ерғали Серікбайұлы дана ұстаз және тәлімгер болып, өмірге сенімді жолдама берді.

Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен Ерғали Мерзадиновке Құқық қорғау органдары академиясының Құрметті профессоры атағы берілді.

Осылайша оқу орнының ұжымы өз басшысына тиімді жұмысы мен жоғары кәсібилігі үшін ризашылығын білдірді.

Әріптестер шын жүректен жылы лебіздерін білдіріп, жаңа кәсіби биіктерге тілек білдірді.