Заң ғылымын дамыту мәселелері бойынша Халықаралық форум

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясында бейнеконференц байланыс режимінде «Қазіргі заң ғылымының дамуы: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Форумға отандық және шетелдік құқықтанушы ғалымдар, тәжірибелі заңгерлер, құқықтың түрлі салаларындағы мамандар қатысты.

Конференция жұмысын ашқан Академияның бірінші проректоры Қалиолла Сейтенов мемлекеттің прогрессивті дамуындағы ғылымның рөлін атап өтті. Әрбір ғалым өз еңбегімен, ынта-жігерімен, табандылығымен елдің қалыптасуына, оның зияткерлік әлеуетін арттыруға баға жетпес үлес қосып, қазіргі әлемнің көптеген жаһандық мәселелерін шешуге көмектесіп келеді, деп атап өтті ол.

Пленарлық отырыста Түркия мен Ресей Федерациясының ведомстволық білім беру мекемелерінің басшылары – шетелдік қонақтар құттықтау сөз сөйледі.

Күн тәртібін талқылау бойынша пікірталастарда белгілі ғалымдар, сарапшылар мен мамандар сөз сөйледі. РФ Әділет Министрлігі жанындағы Сот сараптамасы орталығының директоры Светлана Смирнованың Ресейдегі сот сараптамасын дамытудың заманауи трендтеріне арналған баяндамасы жиналғандардың қызығушылығын тудырды.

Қазақстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Украина ғалымдарының баяндамалары конституциялық және әкімшілік құқықтың өзекті мәселелеріне, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдануға, сондай-ақ құқық қорғау қызметін халықаралық құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының ғылыми-зерттеу саясатын одан әрі дамытуға, іргелі және қолданбалы ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының

Баспасөз қызметі