Виртуалды ашық есік күніне тіркелу ашық!

Құрметті талапкерлер мен кандидаттар!

Сіздерді «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Виртуалды ашық есік күніне» қатысуға шақырамыз, онда Академияның академиялық бағдарламалары, оқуға түсу шарттары және білім алушылардың өмір туралы үйден шықпай біле аласыз. Іс-шара 2021 жылдың 12 сәуірінде Microsoft Teams платформасында өтеді. Тіркелу және оқу бағдарламаларымен және спикерлермен танысу үшін келесі сілтеме бойынша өтулеріңізді сұраймыз.

Өткізу уақыты (Нұр-Султан қ. уақыты бойынша):

10:00 сағат         Құқық қорғау органдарына қызметке алғаш қабылданатын тұлғалар үшін алғашқы кәсіби дайындық (Кәсіптік оқыту институты)

11:00 сағат         Қызмет етіп жатқан қызметкерлер үшін докторантура және магистратура (Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты)

Біз сіздермен кездесуді асыға күтеміз!