Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдарға арналған түсу емтихандарының бағдарламасы

Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2020 жылғы 17 шілдедегі бірлескен бұйрығымен бекітілген «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу және өту шарттары қағидаларының» 6-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама
Скачано: 6163, размер: 189.2 KB, 04.02.2021