Жыл басынан бері Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кандидаттарды алғашқы кәсіби даярлауға кірісті.
Оқу мерзімі — 6 ай.
Оқуды бастамас бұрын тыңдаушылармен Академияда болу және тұру қағидалары, өрт қауіпсіздігі техникасы туралы нұсқама жүргізіледі, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың тарапынан кез келген бұзушылықтардың салдары жазылған құқық қорғау органдарында алғашқы кәсіптік даярлықты және одан әрі қызмет өткеруді ұйымдастыруға және өткеруге келісімшартқа қол қойылады.
Оқыту 4 негізгі құзыреттілікті (жалпы салалық, коммуникативтік, жазбаша, кәсіптік) дамытуды көздейтін бекітілген оқу бағдарламасы бойынша өтеді. Сондай-ақ атыс тирінде, компьютерлік сыныптарда және саптық дайындық сабақтары қарастырылған.
Тәрбие жұмысына ерекше назар аударылады, оның шеңберінде сабақтан тыс уақытта ардагерлермен және құқық қорғау органдарының басшыларымен, көрнекті ғалымдар және саясаткерлермен кездесулер, сондай-ақ мұражай-мемориалдық орталықтарға бару ұйымдастырылады.
Тыңдаушылар үшін Академияның жатақханасында 4 адамға арналған душ және жуынатын бөлмелері, бос уақыт және тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелері, асхана және оқу мен тұру үшін қажетті өзге де жағдайлар бар тегін жайлы тұру көзделген. Әйел тыңдаушылар үшін жеке блок қарастырылған.
Санитарлық және өрт талаптарына жауап беретін ведомстволық асханада күніне үш рет тамақтану ұйымдастырылды.
Оқу кезеңіне тыңдаушыларға стипендия түріндегі тиісті төлемдер бар, оның мөлшері Үкімет қаулысымен айқындалған және 40 532 теңгені құрайды.
Тыңдаушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа үйлестірушілер бекітілген.
Еңбек тәртібі, тәртіп және санитарлық-гигиеналық нормалар талаптарының сақталуын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан кесте жасалады және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.
Әрбір бөлме тұрғындардың өздері қосымша тазалықты сақтау үшін қажетті құрал-жабдықтармен және дезинфекциялық құралдармен жабдықталған.
Спорт залы, түрлі тақырыптық секциялар мен үйірмелер, кітапхана, компьютерлік сыныптар жұмыс істейді.
Жеке гигиена құралдарын, кеңсе керек-жарақтарын және басқа да қажетті құралдарды сатып алу үшін жақын маңдағы супермаркеттерге үйлестірушілердің ілесіп жүруімен топтық шығу ұйымдастырылған.
Барлық тыңдаушылар Академияның медицина қызметкерлерінің бақылауында. Академияда емдеу және бақылау үшін барлық жағдайлары бар медициналық бөлім жұмыс істейді.
Алғашқы кәсіптік даярлықтың сәтті аяқталуы кейіннен жұмысқа орналасуға, құқық қорғау органдарының кадрларына қабылдануына кепілдік береді. Оқу уақыты құқық қорғау қызметінің өтіліне есептеледі.