Анонс

Құқық қорғау органдары академиясы мүдделі тұлғаларды «ТМД елдеріндегі еңбек қанауы: алдын алу, анықтау және ашу мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел форматында ғылыми-практикалық іс-шараға қатысуға шақырады.

Дөңгелек үстел 2021 жылғы 29 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен онлайн форматта өтеді.

Орталық Азия өңірі елдерінің, Украинаның, Ресейдің құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ белгілі ғалымдар шақырылды.

Күн тәртібінде адам саудасына, оның ішінде еңбекке пайдалануға қарсы іс-қимыл, халықаралық және басқа да міндеттемелерді орындау, өңірлік ынтымақтастықты нығайту және аталған мәселе бойынша құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері бар.

Қатысу үшін өтінімдерді электрондық пошта мекенжайына жіберу керек 7171341@prokuror.kz.