АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 2021 жылғы 9 сәуірде «Қазіргі заң ғылымының дамуы: теория және практика» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Қатысуға ғалымдар, практикалық қызметкерлер, сарапшылар, жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары шақырылады.

Конференция мына бағыттардағы пленарлық және секциялық отырыстарда өтеді.

  1. Конституциялық және әкімшілік заңнаманың құқықтық негіздері;
  2. Азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері;
  3. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері;
  4. Құқық қорғау қызметін халықаралық құқықтық қамтамасыз ету.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Халықаралық көлік шығыстары, тұру және тамақтану – жіберуші тараптың қаражаты есебінен.

Қатысу үшін 2021 жылдың 21 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетіне ұсыну қажет:

  • қатысуға өтінім (үлгі қоса беріледі);
  • электрондық форматтағы мақала (талаптар қоса беріледі);
  • ғылыми дәрежесі жоқ тұлғалар үшін – ғылыми мақаланың тақырыбы бойынша ғылым кандидатының (докторының) оң рецензиясы (қолтаңбамен сканерленген).

Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған, талаптарды бұза отырып ресімделген мақалалар жарияланбайды және қайтарылмайды.

Редакциялық алқа жариялауға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Бұрын басқа баспа басылымдарында жарияланған, талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды редакция қарамайды және қайтармайды.

Конференция материалдарының жинағы конференцияның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының сайтында орналастырылады.

Конференцияның өту орны мен уақыты: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көш., 16. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесі.

Қатысушыларды тіркеу 2021 жылдың 9 сәуірінде сағ. 9.30-да басталады, конференция жұмысы – сағ. 10.00.

Шектеу және карантин шаралары қолданылған жағдайда конференция ZOOM платформасында онлайн-форматта өтеді. Конференция секцияларын тіркеу және олардың жұмысына қатысу үшін қажетті сілтемелер қосымша электрондық мекенжайларға жолданатын болады.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

Мекенжайы: 021804, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көш., 16. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» ММ.

Өтінімдер мен жарияланым материалдарын көрсетілген пошта мекен жайына жолдау қажет: аpogp_2021@mail.ru 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

тел.: +7 707 815 16 14  Калмурзина Зарина Жандарбековна

тел.: +7 701 518 12 68  Тапенова Асем Рыскановна

 ФОРМА ЗАЯВКИ ДЛЯ ПУБЛИКАЦИИ ГОС