АҚШ-тың ЖОО-дағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру тәжірибесі туралы

2020 жылғы 24 желтоқсанда Құқық қорғау органдары академиясында Zoom платформасы арқылы Назарбаев Университетімен Меморандум шеңберінде Phd докторы, Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (GSPP) қауымдастырылған профессоры Азиз Бурхановтың (PhD, Indiana University) «АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру тәжірибесі» (Индиана университеті докторантурасының бағдарламалары мысалында) тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Іс-шараға Академияның магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Кездесу барысында дәріскер ғылыми зерттеу тақырыбын таңдауға, ғылыми жетекшіге, зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауға қатысты мәселелер туралы сөз етті, сондай-ақ Индиана Университетінің PhD докторантурасында өз тәжірибесі негізінде зерттеудің заманауи әдістеріне тоқталды.

Соңында дәріскер Академияның білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының сұрақтарына жауап берді.

Қонақ дәрісіне қатысушылардың пікірінше бұл іс-шара білім алушылардың ғылыми-білім берудегі білімін байыту үшін маңызды оқиға болды.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының

Баспасөз қызметі