Азаматтарды жол бойындағы сервистің сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша

Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты  (бұдан әрі-Академияның ВҒЗИ) «Ғылыми-құқықтық тәсілдер, азаматтарды жол бойындағы сервистің сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша шет елдердің тәжірибесі» тақырыбында жедел талдау қорытындысы бойынша онлайн кеңес өткізді.

Іс-шараға Академия, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, ҚР ҰҚК, ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті, республикалық арнайы мониторингтік топ, «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, «Атамекен» ҰКП өкілдері және олардың өңірлерден өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Академияның ҒҒЗИ өкілдері зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, қызмет көрсету объектілерін жобалау және салу, басқарушылық шешімдер қабылдау алдында маркетингтік, Әлеуметтік және басқа да ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі көрсетілген.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан – Бурабай тас жолы бойынша жол жүру ақысын төлеу жүйесінің негізінде жол бойындағы сервис құрылысының сұранысы мен бағыттарын болжау, бастапқы деректерді талдаудың кешенді әдістемесін әзірлеу ұсынылды.

Кеңес қатысушылары Академияның ұсынымдарын қолдады.

«Атамекен» ҰКП оң пікірін жол бойындағы сервис объектілерін салу үшін жер учаскелерін беру және сатып алу үшін осы саладағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған электрондық сауда-саттықты енгізу туралы ұсыныс алды.

Академия және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ зерттеу нәтижелерін іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады, мүдделі ұйымдармен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді, Академияның ақылы қызмет көрсету мәселелері түсіндірілді.