Түсу емтихандарының нәтижелері

Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдары мен экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіби даярлыққа түсуге ниет білдірген кандидаттардың түсу емтихандары аяқталды.

Емтихан нәтижелерімен төменде танысуға болады.

Сондай-ақ, бұл нәтижелер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтында жарияланды.

Емтихан нәтижелерімен келіспеген кандидат емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде апелляцияға бере алады.

Бастапқы кәсіптік даярлыққа қабылдауға ұсыным беру туралы қорытынды шешімді құрамына Академияның проректорлары, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының кадр қызметтерінің басшылары, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелердің өкілдері кіретін Ведомствоаралық комиссия қабылдайтын болады.

Аталған комиссияның төрағасы Академия ректоры болып табылады.

Комиссия жұмысының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Сұрақтар бойынша 8-777-406-22-74 нөміріне хабарласуға болады.

Нәтижелері
Скачано: 4101, размер: 161.5 KB, 10.12.2020