Алғашқы кәсіби дайындыққа түсу үшін емтихандар басталды

Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлыққа түсуге ниет білдірген кандидаттар үшін түсу емтихандарын қабылдау басталды.

Ашылу салтанатына Бас прокуратураның Кадр қызметтерінің басшылары мен ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің өкілдері, Бас прокуратура мен Академияның қызметкерлері қатысты.

Алғы сөзінде Академия ректоры Ерғали Мерзадинов баршаны осы тарихи оқиғамен құттықтады, өйткені құқық қорғау органдары үшін оқытудың бұл түрі Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отыр.

Үміткерлерге қабылдау емтихандарының тәртібі түсіндірілді, шпаргалкаларды немесе электрондық құрылғыларды табудың салдары туралы ескертілді.

Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында 10 емтихан тобының әрқайсысы үшін кездейсоқ таңдау әдісімен емтихан комиссиялары, билеттер мен аудитория нұсқалары анықталды.

Емтихандар 2020 жылдың 9 желтоқсанына дейін өтеді.

Осы мерзім ішінде шамамен 450 үміткерден емтихан тапсыру жоспарлануда.