Өткізілген Ғылыми-әдістемелік кеңестің нәтижелері бойынша  

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің ведомстволық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Отырыста ведомствоаралық ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары талқыланып, 2021 жылға арналған зерттеу тақырыптары бекітілді.

Өткен жылы ғылыми жұмыстардың тақырыптары халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау, бас бостандығынан айыру орындарындағы азаптаулардың санын төмендету және еліміздегі есірткіні тұтыну деңгейі мәселелерімен байланысты болды.

Атқарылған жұмыс қорытындыларын талдай келе, ҒӘК мүшелері норма шығармашылық және құқық қолдану қызметінде ғылыми ізденістердің өзектілігі мен қажеттілігін, олардың елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігін атап өтті.

Жылдың ғылыми зерттеулерін аяқталған деп таныған Кеңес бұл жұмыстың 2021 жылға арналған жаңа векторларын белгіледі.

Кеңес хатшылығына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен, ІІМ, ҚМК, Бас прокуратура мен аумақтық бөлімшелерден барлығы 120-дан астам тақырып келіп түсті.

Талқылау барысында Кеңес олардың өзектілігіне, жаңалығына және маңыздылығына баға берді. Өткен талқылаудың нәтижелері бойынша келесі жылы ғалымдардың күш-жігері құқық қорғау қызметінің 7 неғұрлым өзекті мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталатын болады.

Сондай-ақ, отырыста Академияның Ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар және оның дербес құрамы талқыланды.

Академия Ректорының бұйрығымен ҒӘК құрамына жаңа мүшелер енгізілді – ҚР ІІМ Аппарат басшысы Игорь Лепеха және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің провосты, заң ғылымдарының кандидаты – Сергей Пен.