Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанандағы Құқық қорғау органдары академиясында Сағыныш Серікқызы Аяғанова «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің халықаралық стандарттарын іске асыру мәселелері» тақырыбы бойынша доктор (PhD) дәрежесін ізденуге диссертациясын қорғайды.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арнайы заң пәндер кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми консультанттар:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қолдау департаментінің халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Шаяхметов Шакир Шамилұлы;
Еуразия гуманитарлық институтының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Аккулев Абылайхан Шантемірұлы.
Рецензенттер:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы Темербеков Әлібек Ақылбекұлы;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының қылмыстық-құқықтық пәндері ғылыми-білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Биебаева Ардақ Әлімханқызы.
Қорғау 2020 жылдың 24 желтоқсанында, сағат 16.30-де Академияның диссертациялық кеңесінде 010000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16. мекен-жайы бойынша өтеді.