Мұқанов Малик Рсбайұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша докторлық бағдарламаға сәйкес «Ақша-кредит саласындағы қылмыстарды тергеу мәселелері» тақырыбында доктор ғылыми дәрежесін алу үшін (PhD) Мұқанов Малик Рсбайұлы диссертациясының қорғауы болады.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арнайы құқықтық пәндер кафедрасының негізінде жасалды.

Қорғау тілі: орыс.

Рецензенттер:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директорының орынбасары, з.ғ.д., профессор Рогов Игорь Иванович,

М. Есбулатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының жедел-іздестіру тактикасы және арнайы жабдықтар кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Абдирова Гүлнар Аленқызы.

Ғылыми кеңесшілер:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арнайы құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, з.ғ.д., профессор, кіші әділет кеңесшісі Е. Бегалиев,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арнайы құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., аға әділет кеңесшісі Н.Жемпиисов

Қорғау «24» желтоқсан 2020 жылы, сағ.14.00 Академияның диссертациялық кеңесінде 010000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика 16 көшесі мекенжайы бойынша, Мәжіліс залы, 203 кабинетінде өтеді.

Құжаттар