Видеокурстар-уақытпен қатар жүруде

Құқық қорғау органдары академиясы Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб базасында «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл» және «Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және ұрланған активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл» атты әмбебап оқыту бейне курстарын жасауға кірісті.

Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуді АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігі, ЕҚЫҰ және БҰҰ ЕҚБ Бағдарламалар кеңсесі қолдады.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бейне сабақтар тұжырымдамасы прокурорлар мен полицейлерге арналған үш сағаттық тренинг болып табылады, ол адам саудасына қарсы күрестің негізгі халықаралық құрамдас бөліктерін қамтиды: алдын алу, қудалау, көмек, серіктестік.

Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бейне курс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қаржы мониторингі комитеті, Ішкі істер органдары, прокуратура қызметкерлері мен судьялардан тұратын тыңдаушыларға бағытталған. Оған «Ақшаны жылыстату», «Банктердегі ішкі тергеу», «Қаржылық барлау бөлімшелерінің рөлі мен мүмкіндіктері», «Қаржылық барлау бөлімшелерінің ұлттық және халықаралық ведомствоаралық ынтымақтастығы», «Ашық ақпарат көздері», «Аналитикалық модель», «Шетелде қылмыстық кірістерді іздеу, тыйым салу және тәркілеу», «Қылмыстық кірістерді тәркілеу» модульдері кіреді.

Бейнероликтер форматы материалды өз бетінше тиімді зерделеуге және барынша оқу әсерін алуға бағытталған. Білім беру платформасы оқу процесіне тән барлық компоненттерден тұрады және бейнесабақтарды түсіру нұсқаларының кең ауқымын – сарапшылардың жанды сөзін жазу, материалды визуализациялау, анимация, бейне және фотозаставалар, көрнекі материалды экранға шығару және т.б. қамтып, тренингтердің мазмұны тыңдаушыларға тақырыптық сабақтарды өз күшімен меңгеруге, өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.