Көрнекті ғалыммен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары көрнекті қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамовпен кездесті.

​Кездесу докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметі, диссертациялық зерттеулердің бағыты мен тақырыбын таңдау мәселелеріне арналды.

Дәріскердің сөзі жиналғандар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Профессор әрбір тыңдаушыға өзі таңдаған ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігіне қатысты кеңес берді, пайдалы практикалық ұсыныстар мен кеңестер берді, сұрақтарға жауап берді.

Соңында М.Қоғамов докторанттарға қылмыстық процесс бойынша авторлық оқу құралын сыйға тартты.

Кездесу Академияда ғылыми қоғамдастық өкілдерінің, сондай-ақ құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен мастер-кластар өткізу бойынша игі дәстүрдің жалғасы болды.