Әріптестік қарым-қатынасты нығайтуда

2020 жылғы 5 қарашада Құқық қорғау органдары академиясы мен Республикалық адвокаттар алқасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес тараптар ғылыми-білім беру қызметі саласында өнімді кәсіби байланыстарды жолға қоюға ниетті.

Атап айтқанда, адвокаттардың біліктілігін арттыру, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары бойынша бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу, сондай-ақ жалпы ақпараттық-коммуникациялық ортаны дамыту шеңберінде ынтымақтастық жолға қойылатын болады.

Адвокаттарды Кәсіптік оқыту бағдарламасы озық білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдана отырып, заңнаманың негізгі салалары, адвокаттық практиканың өзекті тақырыптары бойынша білім алуды көздейді.

Бірлескен ұсыныстарды іске асыру және прогрессивті академиялық әлеуетті тиімді пайдалану үшін өзара іс-қимылдың әртүрлі нысандары қолданылады, ақпаратпен тұрақты алмасу жолға қойылады.

Келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өте отырып, тараптар қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты іске асырылуына сенім білдірді.