Киберқылмыстарды тиімді тергеу үшін

А.ж. 2-4 қарашада Құқық қорғау органдары академиясы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TIKA) бірлесіп «Киберқылмыс бойынша тергеу» онлайн-тренингін өткізді.

Оқыту іс-шарасы Академияның, Бас прокуратураның, аумақтық прокуратуралардың, ІІМ, ҰҚК, Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатында Кәсіби оқыту институтының директоры Магомед Акаев, TIKA-ның Қазақстандағы өкілі Ислам Исмаил, сондай-ақ Сыртқы қатынастар және әріптестік департаментінің басшысы Уур Танйели сөз сөйледі. Спикерлер өсіп келе жатқан киберқауіптер жағдайында семинар тақырыбының өзектілігін, киберқылмыстарға тергеу жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру қажеттілігін атап өтті.

Тренинг барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, жоғары технологиялар саласындағы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сарапшылар бас полиция басқармасының киберқылмыспен күрес департаментінің қызметкерлері болды.

Түрік мамандары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің кең ауқымын атап өтті. Киберқылмыстарды анықтау, қылмыстық әрекеттен түскен кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл, төлем жүйелеріндегі құқық бұзушылықтарды тергеу тәжірибелерімен бөлісті.