Қазақ ұлттық өнер университетімен Ынтымақтасық туралы меморандумға қол қойылды

2020 жылдың 3 қарашасында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақ ұлттық өнер университеті арасында меморандумға қол қойылды.

Келісім мекемелер арасындағы ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге, мәдениет саласындағы мамандарды даярлау бойынша күш-жігер мен ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.

Тыңдаушылардың қазіргі заманғы мәдени, этикалық және эстетикалық құзыреттерін қалыптастыру мақсатында бірлескен білім беру және мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру үшін тараптар өзара іс-қимылдың түрлі нысандарын пайдалануға және тұрақты ақпарат алмасуды жолға қоюға уағдаласты.