Құқық қорғау органдары академиясында «Мәдениет университеті» оқу курсының ашылуы өтті. Оқыту бағдарламасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген және тыңдаушылар мен білім алушыларды мәдени-эстетикалық тәрбиелеуге бағытталған.
Академия ректоры Ерғали Мерзадинов іс-шараны аша отырып, курс тақырыбының өзектілігін, құқық қорғау органдарының жас қызметкерлері, сондай-ақ қызметке алғаш рет кіретін адамдар арасында қазіргі заманғы мәдени, этикалық және эстетикалық құзыреттілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Рига Онаева курс ашылуына байланысты министр Ақтоты Райымқұлованың сәлемін оқып берді.
Назарбаев университетінің профессоры Гүлтас Құрманбай өз сөзінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында белгіленген қоғамдық сананы жаңғырту, оның заманауи талаптарға бейімделуінің маңыздылығын атап өтті.
Тренингтерді өткізу үшін мәдениет, өнер мекемелерінің, жоғары оқу орындарының белгілі сарапшылары мен мамандары, театр қайраткерлері шақырылатын болады.
Бұл курс оқу бағдарламасына қосымша электив ретінде енгізілген.