Жаңалықтар

Академия ардагерлері  «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын жалғастыруда

Биылғы жылдың 24 желтоқсанында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясының шеңберінде Құқық қорғау органдары академиясының ардагері, отставкадағы аға әділет кеңесшісі Дастан Дәулетияров Астана қаласының № 96 орта мектебінің 6-7 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара еркін пікірталас форматында өтті, бұл балалармен ашық және сенімді әңгіме құруға мүмкіндік берді. Кездесуге қатысушыларға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелері, олардың алдын […]

Жаңалықтар

ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеу аяқталды

Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыруға арналған ведомствоаралық ғылыми зерттеуді аяқтады. Зерттеу бизнес мүдделерін қорғауға, сотқа дейінгі іс жүргізу мерзімдерін оңтайландыруға және қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын жетілдіруге ықпал ететін ұсынымдар әзірлеуге бағытталған. Жұмыс шеңберінде Ұлттық банкпен және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетпен бірлесіп, сотқа дейінгі […]

Жаңалықтар

Академияда оқытушыларға арналған мастер-класс өтті

Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Дәріс оқу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында сабақ өтті. Спикер ретінде шақырылған Қарағанды Экономикалық университетінің Бизнес, құқық және технологиялар факультетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының сарапшы-доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Рустем Окашев сөз сөйледі. Кездесу барысында табысты дәріс өткізудің негізгі аспектілері талқыланды. […]

Жаңалықтар

Активтерді қайтару туралы қылмыстық істерді дәлелдеу мәселелері бойынша зерттеу нәтижелері туралы

Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігі: теориялық және қолданбалы аспектілері» атты ғылыми зерттеуді аяқтады. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттер, халықаралық тәжірибе, заңнама зерттелді, статистикалық деректер, қылмыстық істер мен үкімдер талданды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен сұхбат алынды. Алынған деректерге сәйкес отандық заңнама заңсыз кірісті заңдастыруға қарсы іс-қимыл тұрғысынан […]

Жаңалықтар

Жас прокурорлар қазіргі қоғамның сын-тегеуріндеріне дайын

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясын заң мен әділеттілікке қызмет етуге дайын мамандар аяқтады. Бұл іс-шара прокуратура органдары үшін кәсіпқойлардың жаңа толқынын дайындаудағы маңызды қадам болды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев, Академия басшылығы, құрметті қонақтар мен түлектердің туған-туыстары қатысты. Оқу барысында жас прокурорлар құқықтық талдауды, этикалық нормаларды және құқық қолдану практикасын игерді. Интерактивті […]

Жаңалықтар

Академияның 50 түлегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті нығайтуда

Құқық қорғау органдарының академиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өз үлесін қосу үшін 50 маманды – мақтанышпен шығарды. Бұл іс-шара құқықтық тәртіп жүйесін нығайту мен мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырудағы маңызды қадам болды. Академияның білім беру бағдарламасы практикалық дағдыларға баса назар аудара отырып құрылды. Түлектер аналитикалық әдістемелерді, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеудің заманауи тәсілдерін және сыбайлас жемқорлық схемаларын […]

Яндекс.Метрика