Жаңалықтар

Бас Прокурордың сапары

Бүгін Қазақстанның Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов жаңа оқу жылы басталар алдында Құқық қорғау органдары академиясында болды. Қадағалау ведомствосының басшысы Академия құқық қорғау жүйесінің кадрлық құрамын сапалы жаңартуға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жұмысты қамтамасыз етуге, қоғамда сенім тудыруға қабілетті жаңа формациядағы білікті мамандарды даярлауға өз үлесін қосатынын атап өтті. Өз кезегінде Ректор Ерғали Мерзадинов […]

No Picture
Жаңалықтар

Академия Жаршысының имиджін көтеру үшін

Құқық қорғау органдары академиясы мен Ресей Федерациясының ғылыми электронды кітапханасы – eLIBRARY.RU (НЭБ)  арасында «Құқық қорғау органдары академиясының хабаршысы» ғылыми журналын Ресейлік ғылыми дәйексөздер индексінің деректер базасына (РҒДБ) енгізу туралы келісімге қол қойылды . РҒДБ Ғылыми мерзімді басылымдар туралы библиографиялық ақпараттың беделді көзі болып табылады. Ғылыми-техникалық әдебиеттерді шығаратын 5400-ден астам ресейлік және шетелдік баспалармен келісімі […]

No Picture
Жаңалықтар

Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды. Прокуратура органдарында іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдарына іріктеудің жаңа тәртібі туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін құқық қорғау қызметіне кадрларды іріктеу және даярлық тәртібі жетілдірілді. Жаңа білім беру жобасы – құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіби даярлық енгізілді. Құқық қорғау органдары академиясындағы кәсіптік даярлық прокуратура органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі үшін жас мамандардың қызметке кіруінің міндетті шарты болады. […]

No Picture
Жаңалықтар

Іс жүргізу шығындарының өзекті мәселелері бойынша

Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты оқырманға «Қазақстан Республикасындағы сотқа дейінгі тергеудің іс жүргізу шығындары» монографиясын ұсынды. Авторлар атап өткендей, әлемдік дағдарыс жағдайында қаржы үнемдеу ерекше маңызға ие. Осыған сүйене отырып, зерттеудің өзектілігі қылмыстық іс жүргізу қызметі көбінесе айтарлықтай материалдық шығындармен байланысты екендігіне байланысты. Бүгінгі таңда заң шығарушы қылмыстық іс жүргізуге байланысты шығындарды іс […]

Жаңалықтар

Азаптауларды тергеу және құжаттау тиімділігін арттыру үшін

Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігімен бірлесіп  18 және 19 тамыз аралығында «Стамбул хаттамасына сәйкес азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынасты тиімді тергеу және құжаттандыру» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Тренинг прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро, сот-медициналық сараптама қызметкерлері, сондай-ақ Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының адвокаттары үшін ұйымдастырылды. Оқу іс-шарасын аша отырып, Академия проректоры […]

Жаңалықтар

Процестік шығындар институтын жетілдіру мәселелері бойынша

Құқық қорғау органдары академиясында «Қылмыстық процестегі процессуалдық шығындар институты – проблемалар мен перспективалар» тақырыбында онлайн-режимде халықаралық дөңгелек үстел өтті. Форум жұмысына жоғары және ведомстволық оқу орындарының, Құқық қорғау органдарының өкілдері, отандық және шетелдік құқықтанушы ғалымдар қатысты. Күн тәртібінің басты тармағы Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты жүргізген «Қазақстан Республикасындағы сотқа дейінгі тергеудің іс жүргізу шығындары» ғылыми зерттеуінің […]

Яндекс.Метрика