Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған конференцияға қатысты

Кеше Көкшетау қаласында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: өткені, бүгіні, болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – егемендікті, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани-мәдени құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстанның конституциялық жүйесінің негіздерін белгілейтін конституциялық нормалар мен қағидалардың ерекшеліктерін ашу. Конференцияға Конституциялық Кеңестің, Құқық қорғау органдары академиясының, прокуратураның, соттардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ғалым-заңгерлер мен тәжірибелік заңгерлер […]

Жаңалықтар

Өзара тиімді ынтымақтастық рухында

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім нәтижелі кәсіби байланыстарды орнатуға, Балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірлескен күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді. Белгіленген мақсаттарды іске асыру және инновациялық академиялық әлеуетті тиімді пайдалану үшін бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу іс-шаралары […]

Яндекс.Метрика