No Picture
Жаңалықтар

Полициялық қызметтің заманауи үрдістері туралы

Құқық қорғау органдары академиясының Жаһандық қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хабы базасында «Жедел мәліметтер мен ақпарат негізіндегі полицейлік қызмет» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Семинардың ашылуы барысында Академияның бірінші проректорының міндетін атқарушы Шакир Шаяхметов, Австрия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Герхард Сайлер, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Диана Дигол тыңдаушылар алдында сөз сөйледі. Тренинг жұмысына Ресей Федерациясы, […]

No Picture
Жаңалықтар

Прокурорлар қайта даярлаудан өтті

Құқық қорғау органдары академиясында прокурорлық қадағалаудың өзге салаларында қызмет етіп жүрген прокуратура қызметкерлері үшін қайта даярлау курстары аяқталды. Оқыту арнайы қылмыстық процесте қадағалаудың негізгі дағдыларын үйретуді қамтитын бағдарлама арқылы жүргізілді. Негізгі екпін қадағалауды жүзеге асырудың практикалық негіздерін меңгеруге жасалған. Сабақтарды қылмыстық-процестік құқық саласындағы танымал ғалымдар, сарапшылар мен практиктер өткізді. Курстар барысында «Оқиға орнын виртуалды тексеріп […]

No Picture
Жаңалықтар

Прокуратура қызметкерлеріне арналған курстар

Құқық қорғау органдарының академиясы Жамбыл облысы прокуратурасының қызметкерлері үшін «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Оқу бағдарламасына прокурор жұмысында қылмыстық заңды жүзеге асыру, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысы саласындағы прокурордың қызметі, қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы тергеу әрекеттерінің өндірісі сияқты маңызды модульдер енгізілді. Оқу сабақтарына Академия, облыстық және қалалық прокуратура, […]

No Picture
Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңестің отырысы туралы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы Ғылыми кеңесінің отырысында ғылыми-білім беру қызметінің өзекті мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар қатарында Академияда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және тілдерді дамыту, қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстылықты болжаудың өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер өткізу мәселелері. Сонымен қатар Академияның 2018-2022 жылдарға арналған Даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды, Академияның Миссиясы мен […]

No Picture
Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенция ережелерін орындау бойынша шолу жасауды оқыту

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына шолу жасау механизмі жұмысына қатысушы үкіметтік сарапшыларды оқыту басталды. Іс-шараны БҰҰ-ның Есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасының қолдауымен Жаһандық қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб ұйымдастырып отыр. Тренингке қатысу үшін Пәкістан, Түркіменстан, Ауғаныстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның құқық қорғау және фискалды органдарының өкілдері […]

No Picture
Жаңалықтар

Интернет жүйесінде есірткі саудасымен күрес мәселелері жөніндегі халықаралық семинар

Астанада Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб базасында интернет жүйесіндегі есірткі қылмыстарын тергеу проблемаларына арналған өңірлік семинар-тренинг ашылды. Оқу курсы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы өңірлік өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Тренинг жұмысына Италияның сарапшылары, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда. Бір апта бойында сарапшылар виртуалды кеңістіктегі есірткі қылмыстарымен күрес тәжірибесімен бөлісетін […]

No Picture
Жаңалықтар

Облыс прокурорлары Президенттік резерв курстарында өз тәжірибелерімен бөлісті

2017 жылдың 10 қарашасында Президенттік резерв курстарына сарапшылар ретінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының прокурорлары қатысып, тыңдаушылармен өздерінің жинаған кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Олар оқудың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етіп, тыңдаушылардың жаңа өзекті білім мен дағдыларды игеруіне атсалысты. Олардың берген ақпараты тыңдаушылар тарапынан оң бағаға ие болды. Қызылорда облысының прокуроры Х.З. Дәуешов қадағалау қызметінде жүзеге […]

No Picture
Жаңалықтар

Киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел жұмысы туралы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы алаңында «IRZ» Қазақстандық-германдық xалықаралық ынтымақтастық қоры мен ЕҚҰЫ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен киберқылмыстылық пен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша xалықаралық дөңгелек үстел өтті. Форум жұмысына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, ғылыми қоғамдастық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, xалықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты. Ақпараттық қауіпсіздікті заң […]

Яндекс.Метрика