
Қарастырылған: Бегалиев Е.Н, Нұрмағамбетов Б.Ғ, Есімсейтов Б.Р, Қалмырзина З.Ж. Жалпы редакцияны басқарған Н.С. Даниев «Педагог кеңестері». Астана: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, 2017. — 144 бет.
Жинақта ата-аналардың өз балаларымен қарым-қатынасының, сонымен қатар атақты педагогтардың, психологтардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің үздік әдістемелері жинақталған. Кітаптың негізгі айтары — ата-аналардың балалармен дұрыс қарым-қатынасы адамның барлық өміріндегі жетістіктерінің негізі болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру арқылы, ата-аналар оларға психологиялық қалыпты жағдай ғана жасап қоймай, қоғамда өз өмір жолын адаспай табуларына және әлемде зорлық-зомбылық пен қамығуды […]