РЫСҚҰЛОВ ДӘУЛЕТ АЛМАСҰЛЫ
Кафедра меңгерушісі
Сыныптық шені: аға әділет кеңесшісі
Білімі: Мәскеу қ. заманауи гуманитарлық академиясы
Оқытылатын пәндері: «Қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық»
Жетістіктері:
«Қылмыстық процесте конституциялық құқықтарды шектеу» тақырыбы бойынша магистрлік диссертация, ақпан 2013 ж.,
Оқулық «Активтерді қайтаруға байланысты қылмыстық істер бойынша дәлелдеу».
Сондай-ақ әртүрлі біліктілікті арттыру сертификаттары бар.
Жарияланымдар: қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық саласындағы бірқатар жарияланымдар
Ғылыми қызығушылықтары: халықаралық құқық, қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық, қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңі, прокуратура органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері
ЖАНАТАЕВА ҰЛБОСЫН ҚАМАЛБЕКОВНА
Профессор
Сыныптық шені: Әділет кеңесшісі
Білім: Қазақ мемлекеттік университеті, Алматы қаласы
Педагогикалық қызмет тәжірибесі: 4 жыл
Ғылыми-педагогикалық тәжірибесі: 30 жыл
Оқытылатын пәндері: «Тиімді байланыс», «Қақтығыстар. Жанжалдарды басқару», «Топтық психология», «Шешендік өнер», «Келіссөздер процесі», «Ақпараттық соғыс».
Жетістіктері:
Саяси ғылымдар докторы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты USA(Indiana University)
Сертификаттары:
- 1.«Көпшілік алдында сөйлеу және беделді PR» (Нұр-Сұлтан қ, 2022 ж.).
- Риторика. Шешендік өнер. Ресей театр өнері институты (Москва қ., 2022 ж.).
- The Foreign Terrorist Fighter – Operator and Investigator (FTFOI) course (Нұр-Сұлтан қ, 2021 ж.).
- Crisis Negotiation Response Course (Budapes қ, Hungary. 2020 ж.).
- Профильдеу. Профайлинг (Астана қ., 2018 ж.).
- Дағдарысты басқару және келіссөздер жүргізу. (Тель-Авив қ., Израиль, наурыз 2017 ж.).
- «Нейро-лингвистикалық бағдарламалау», «Күрестік нейро-лингвистикалық бағдарламалау» (Астана қ., 2017 ж.).
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 4 жыл
Ғылыми еңбектері:
- У.С. Байжанов, Э.Р. Хисамутдинова «Мінез-құлық стандарттары». Моральдық-этикалық аспектілері – Астана, 2017.
- Л.С. Шакимова «Топтық психология» — Астана, 2017.
- «Қалай келіссөздер жүргізу керек. Практиктердің кеңесі» — Нұр-Сұлтан, 2019.
- Заманауи соғыстың жаңа технологиялары. – Астана, 2014.
Ғылыми ізденіс саласы: қақтығыстар, жанжалдарды басқару, Әлеуметтік саясат, топтық психология, келіссөздер процесі, нейро-лингвистикалық бағдарламалау.
ЖАҚЖАНОВ СЕРҒАЗЫ АЙДАРХАНҰЛЫ
Доцент
Сыныптық шені: әділет кеңесшісі
Білім: Көкшетау мемлекеттік университеті
Педагогикалық қызмет тәжірибесі: 5 жыл
Оқытатын пәндері: «Саптық дайындық», «Атыс дайындығы».
Жетістіктері: «Гвардия», «Қаржы полициясы органдарының үздігі» 2 дәрежелі төс белгілерімен, «Қаржы полициясы академиясына 15 жыл» және «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Чехия Республикасында бітімгерлік даярлық, Астана қаласындағы жұмылдыру дайындығы нұсқаушысының курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар.
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 5 жыл
Ғылыми зерттеу бағыты: Әскери қарудан атуды оқытудың шетелдік әдістемелерін талдау.
АҒАДІЛОВ ӘСЕТ ЕРТАЙҰЛЫ
Аға оқытушы
Сыныптық шені: Әділет кеңесшісі
Білімі: Қазақтын дене тәрбиесі және мәдениет институты, Қаржы полициясы академиясы
Педагогикалық қызметі: 26 жыл
Оқытылатын пәндері: «Дене дайындығы»
Жетістіктері:
2009 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясы жанындағы мамандандырылған Кеңесте «Экономикалық қылмысты жедел іздеструшілері мен тергеушілерінің кәсіптік қолданбалы дене дайындығы» атты тақырыпта ғылыми диссертациясын қорғады. (13.00.04 – «Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша).
Педагогика ғылымдарының кандидаты, сонымен бірге дзюдо күресіне және жепе-жек сайысы спорттарынан спорт шеберлігіне үміткер.
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 17 жыл
Ғылыми еңбектері: 70-ден астам жариялымы, сонымен қатар әдістемелік құралдары бар.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығының негіздері // Ғылыми-практикалық конференция жинағы «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен практикасы». – Алматы: 2006. – 385-387 беттер;
12-14 жастағы жас футболистердің төзімділік көрсеткіштерінің даму динамикасы // ХІV Халықаралық ғылыми конгрес «Заманауи олимпиядалық спорт және баршаға арналған спорт» – Киев; Украина, 2010. –153-154 беттер;
Дене дайындығы және арнайы дайындық сабақтарында психологиялық сапаны қалыптастыру. Білім беру: инновации және әдеп-ғұрып: Ғылыми-практикалық конференция жинағы (27 желтоқсан 2012 жыл). – Жауапты редактор Уварина Н.В. – Прага: WORLD PRESS баспасы., 2013. – 417 бет;
Жекпе-жек сайыстары жарыстарында күрес әдістері мен соқылардын әдіс-тәсілдерін пайдалану // Құқық қорғау қызметкерлерін дайындау және қылмысты алдын алу проблемалары Ғылыми-практикалық конференция. БР ІІМА. Минск, 3 сәуір 2015 ж. – 334 бет.
«Дене шынықтыру және спорт экономикасы», оқу құралы, 2024 ж. ISBN 978-601-342-994-6
Ғылыми ізденіс бағыты: Құқық қорғау органдарының кәсіби-қолданбалы дене дайындығы.
БУЛАТОВА АЙНАГУЛЬ ТОЛЫБАЕВНА
Аға оқытушы
Сыныптық шені: Әділет кеңесшісі
Білім: М.Козыбаева атындағы СҚМУ, ҰҚК ӘИ, М.Нарикбаева атындағы КАЗГЮУ, құқық магистрі
Педагогикалық қызмет тәжірибесі: 4 жыл
Оқытатын пәндері:
«Мемлекеттік құпияларды қорғау туралы заңнама»;
«Қылмыстық процесте тергеп-тексеру және жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің ерекшеліктері»;
«Прокуратура қызметкелерінің азаматтармен және масс-медиамен өзара іс-қимылы»; «Құқықтық жазу негіздері», «Команда құру» бағдарламасы. Командалық жұмыс дағдыларын дамыту;
Жетістіктері: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясы Ректорының мақтау қағазымен, ҚР ҰҚК ШҚ ведомстволық марапаттарымен, ҚР Ішкі істер Министрінің мақтау қағазымен марапатталған.
Табельді қарудан атудан спорт шеберлігіне үміткер.
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 4 жыл
Жарияланымдар:
-ЕАЭО елдері прокуратураларының конституциялық-құқықтық мәртебесіне салыстырмалы талдау //Академия жаршысы – 2017ж. №4;
-Конституциялық бақылау ұғымын анықтаудағы мәселелердің қазіргі жағдайы // Ғылым және өмір – 2018ж. №2.
-Посткеңестік елдерде конституциялық бақылау органдарын құру мен жұмыс істеудің кейбір мәселері //Заң және заман-2023 г.№4;
— «Основы юридического письма» Әдістемелік ұсыныстар, 2024 жыл,
УДК 34:80/81 ББК 67:81 Б 90, ISBN 978-601-81094-7-8
Ғылыми қызығушылығы: «Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау институты».
ЕРӘДІЛОВА АРАЙЛЫМ БЕРІКҚЫЗЫ
Аға оқытушы
Сыныптық шені: Әділет кеңесшісі
Білімі: Қазақ гуманитарлық заң университеті
Педагогикалық қызмет өтілі: 4 жыл
Оқытатын пәндері: «Прокуратура органдарының жүйесі. Прокуратура органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері. Прокуратура органдары жұмысының регламенті», «Прокуратура органдарының мемлекеттік, құқық қорғау органдары және бұқаралық ақпараттық құралдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі».
Жетістіктері:
2 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалімен, 2 дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен;
«Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының алғыс хатымен»;
«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясы ректорының алғыс хатымен»;
«Қызылорда облысы прокурорының алғыс хаттарымен марапатталған».
Академия жобасы — аймақтарда (Алматы қаласы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған бірінші көшпелі біліктілікті арттыру курстарының бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады.
ТМД — қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдары қызметкерлеріне арналған кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша базалық ұйым мәртебесін иемдену мәселелелері бойынша дайындық жұмыстарына қатысқан.
Келесі білім беру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырушы болып табылады:
«Прокуратура органдарында коммуникациялардың замануи әдістері» кәсіби біліктілікті арттыру курсы (2018 ж.)
«Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы прокурорлық қадағалау» кәсіби біліктілікті арттыру курсы (2019 ж.);
«Әйелдерге қатысты кемсітушілікке және зорлық-зомбылыққа тыйым салатын заңнаманы қолдану саласындағы заңыдылықты прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелері» кәсіби біліктілікті арттыру курсы (2019 ж.).
Жарияланымдар: 2 ғылыми мақала дайындап, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексінің деректер базасына кіретін журналдарда жариялады (2019-2020г.г.).
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 4 жыл.
Ғылыми қызығушылық саласы: Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы прокурорлық қадағалау.
ИБРАЕВА ЖАННА ХАИРГЕЛДЫҚЫЗЫ
Аға оқытушы
Лауазымы: Әділет кеңесшісі
Білім: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Педагогикалық қызмет тәжірибесі: 4 жыл
Оқытатын пәндері:
— Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкелерінің әдеп кодексі;
— Прокуратура органдарында іс жүргізу;
— Нысанды киім кию мәдениеті;
— Прокуратура органдарының нормашығармашылық қызметі;
— Іскерлік ойын (азаматтық істер бойынша сот процесін сахналау, симуляциялық тренинг орыс тілінде).
Жетістіктері:
3,2,1 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен, мерейтойлық медальмен «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» марапатталған». Педагогикалық шеберлік бойынша біліктілігін арттыру туралы сертификаттары бар.
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 4 жыл
Жарияланымдары: «Профессиональная этика сотрудников правоохранительных органов» мақаласы № 8 (212) «Заң және заман» журналында жарияланды.
— «Профессиональная этика сотрудников правоохранительных органов», Жадынама, 2024 г., ISBN 978-601-81143-1-1
КУПРЕНКО ВИКТОР АНАТОЛЬЕВИЧ
Аға оқытушы
сыныптық шені: Әділет кеңесшісі
Білім: «Әділет» Жоғары құқық мектебі Ресей Федерациясының Бас прокуратура академиясы (магистратура)
Педагогикалық қызмет тәжірибесі: 5 жыл
Оқытатын пәндері:
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, өтініштерге жауап дайындау».
«Өтініштерге жауап дайындау дағдыларын дамыту бойынша Тренинг. Өтініштерді қарау кезінде туындайтын мәселелер және оларды шешу».
«Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру дағдыларын пысықтау».
Жетістіктері:
«Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мерейтойлық медалімен, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған;
Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы академиясының құқық магистрі, К. Адэнауэр атындағы қордың «Дағдарыстық коммуникациялардың қазіргі тенденциялары» сертификаты.
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 5 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: Әлеуметтік-экономикалық сала. Прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі.
СӘРСЕНБАЕВ АЗАМАТ СЕРІКҰЛЫ
Аға оқытушы
Сыныптық шені: әділет кеңесшісі
Білім: Көкшетау мемлекеттік университеті
Педагогикалық қызмет тәжірибесі: 5 жыл
Оқытатын пәндері:
— нысанды киім кию мәдениеті, құқық қорғау органы қызметкерінің мінез-құлық нормалары мен ережелері (СЖКА және ЭТД тындаушыларына);
— саптық дайындық.
Жетістіктері:
«Қаржы полициясы академиясына 15 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған;
Чех Республикасы, Прага қ. «ІТМА» жоғары оқу орнында ғылыми тағылымдамадан өтті
Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының Академиясында ғылыми тағылымдамадан өтті (Мәскеу қ.).
Сертификаттар «Тренер-оқытушының шеберлігі», «Оқытушылық дағдыларды дамыту».
Жарияланымдары:
Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде 15-тен астам.
Ғылыми қызығушылық саласы: «Қылмыстық, қылмыстық процестік құқықтары».
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 5 жыл
ТАЙЖАНОВ БОЛАТБЕК ӘБДІҒАПАРҰЛЫ
Аға оқытушы
Сыныптық шені: Аға әділет кеңесшісі
Білімі: Қостанай Мемлекеттік Унисверситеті, ҚР ӘдМ ҚАЖК Академиясы
Академиялық дәрежесі: құқық қорғау қызметінің магистрі
Педагогикалық қызмет өтілі: 22 жыл
Оқытылатын пәндері:
«Атыс дайындығы»
Алғашқы кәсіптік даярлау міндеттерін жүзеге асыруды, дәрістердің өткізілу уақыты мен кестесінің белгіленген нормаларына сәйкес дәріс жүргізетін бағыты бойынша оқу жүктемелерін орындауды қамтамасыз етеді.
Алғашқы кәсіптік даярлау курстарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және қалыптастырады.
Тыңдаушылардың жалпысалалық құзіреттіліктерді зерделеу мен меңгеруін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Бас Прокурордың және Академия Ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте тыңдаушылардың ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауын өткізеді.
Академияның алғашқы кәсіптік даярлық курстары тыңдаушыларының кәсіби практикасын өткізуді үйлестіреді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Бас Прокурордың және Академия Ректорының құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте тыңдаушылар арасында тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді.
Академия тыңдаушыларының бекітілген ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ оның орындалуына бақылау жүргізеді.
Жетістіктері:
2009 жылы ҚР ӘМ ҚАЖК Академиясында «Түзеу мекемесінде сотталғандардың топталып қылмыс жасауының алдын алу» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. Құқық қорғау қызметінің магистрі дәрежесіне, сондай-ақ біліктілікті арттыру жөнінде түрлі сертификаттарына ие.
Мақалалары: мемлекеттік және орыс тілдерінде 6-дан астам ғылыми мақалалары жарық көрген.
Ғылыми қызығушылық саласы: Атыс қаруынан оқ атуға үйретудің шетелдік тәжірибелерін талдау.
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 9 жыл.
ҚАЛМҰХАМЕТОВА БОТАГӨЗ НҰРМҰХАМЕТҚЫЗЫ
Оқытушы
сыныптық шені: кіші әділет кеңесшісі
Білім: Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Қаржы полициясы академиясы, Құқық қорғау органдары академиясы
Педагогикалық қызмет тәжірибесі: 4 жыл
Оқытатын пәндері:
— Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкелерінің әдеп кодексі; Іскерлік қатынастардың имиджі мен этикасы. Нысанды киім кию мәдениеті;
— Прокуратура органдарында іс жүргізу. «Қадағалау» ақпараттық жүйесі және қадағалау бағыттары бойынша карточкалық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері»;
— Прокуратура органдарының нормашығармашылық қызметі.
Жетістіктері:
«Қаржы полициясы академиясына 15 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған;
Еуропа Жоғары құқық мектебінде және әкімшілікте ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификаты бар (Польша Республикасы, Варшава қаласы);
Чех Республикасы, Прага қ. «ІТМА» жоғары оқу орнының сертификаты бар;
Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының Академиясында ғылыми тағылымдамадан өтті (Мәскеу қ.).
Сертификаттар: «Тренер-оқытушының шеберлігі», «Оқытушылық дағдыларды дамыту».
Жарияланымдары: мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде 19-дан астам.
Осы саладағы жұмыс тәжірибесі: 4 жыл
Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық, қылмыстық процестік құқықтары
ТҮСІПБЕКОВ ЕЛЖАС ТЕЛЬМАНОВИЧ
Оқытушы
Сыныптық шені: Аға әділет кеңесшісі
Білімі: Қазақстан Республикасының ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Педагогикалық өтілі: 27 жыл
Оқытылатын пәндер: «Құқық қорғау органдарындағы басқару негіздері», «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру және іске асыру», ПШМ.
Жетістіктер:
2007 жылы наурызда «Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының тыңдаушыларын басқару қызметіне даярлау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Сондай-ақ, әр түрлі біліктілікті арттыру сертификаттары бар.
Жарияланымдар: мемлекеттік, орыс тілдерінде 40-тан астам ғылыми жарияланымдары бар.
Ғылыми қызығушылық саласы: кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі, педагогика, басқару теориясы.
Педагогикалық саладағы жұмыс тәжірибесі: 26 жыл.