СЫРБУ АЛЕКСАНДР ВЛАДИМИРОВИЧ
Кафедра меңгерушісі
Сынып дәрежесі: аға әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты, доцент (қауымдастырылған профессор)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Процессуальный порядок получения и использования информации с технических каналов связи в уголовном судопроизводстве» (мамандығы: 12.00.09: қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: компьютерлік қылмыс, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрес, тергеуде жедел-іздестіру ақпаратын пайдалану, компьютерлік желілерде тінту және іздеу, алдын ала тергеу психологиясы, сот-компьютерлік сараптама, қылмыстарды тергеу мәселелері, тергеуді ұйымдастыру және тергеу әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері.
Ғылыми еңбектері: 50-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. Авторлық оқу құралдары: ««Перехват сообщений в системе следственных действий», «Организация и производство судебно-компьютерной экспертизы». Оқу-практикалық құралдарының бірлескен авторы: ««Практикум по уголовно-процессуальному праву Республики Казахстан», «Бөтеннің мулкін ұрлаға қатысты қылмыстық істі тергеу» және басқа.
Магистратурада оқытылатын пәндер:
— Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу тактикасы;
— Ақпараттық жүйелерді құқықтық реттеу және құқық қорғау органдарында киберқауіпсіздік мәселелері.
ЕЩАНОВ АЛМАЗ ШҮКІРҰЛЫ
Профессор
Сынып дәрежесі: әділет аға кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының докторы, профессор
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 25 жыл.
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы қылмысқа алдын алу әсер ету механизмін жетілдіру мәселелері».
Ғылыми қызығушылықтары: құқық бұзушылықтың алдын алу, заң ғылымының әдістемелік мәселелері, құқық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру, мемлекеттік және құқық қорғау қызметін құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Ғылыми-зерттеу қызметі: жарияланған 100-дан астам жұмысы бар.
Докторантура мен магистратурада оқытылатын пәндер:
— Заң ғылымдарының әдіснамалық проблемалары;
— Құқық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу әдістемесі;
— Құқық қорғау қызметінде ұйымдастырушылық қызмет;
— Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік қызметтің проблемалары.
ӘМІРХАНОВ РУСЛАН АЙТҚАЛИҰЛЫ
Доцент
Сынып дәрежесі: кіші әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 19 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Уголовно-правовые и криминологические проблемы борьбы с обманом потребителей» (12.00.08: қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы мамандығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, криминология, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық реттеу, жалпы құқық теориясының қазіргі мәселелері.
Ғылыми еңбектері: 25-тен астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде «Жалпы құқық теориясының қазіргі проблемалары» атты оқу құралының авторы.
Магистратурада жәнедокторантурада оқытылатын пәндер:
— Құқық қорғау қызметінің жалпы теориясы;
— Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын қолдану проблемалары;
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Құқықтың жалпы теориясының заманауи проблемалары.
БАЙГАЛИЕВ АЛИБЕК БОЛАТОВИЧ
Доцент
Сынып дәрежесі: кіші әділет кеңесшісі
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 5 жыл
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: Қазақстан Республикасы Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының, «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр.
Докторлық диссертация тақырыбы: «Деонтологические основы правоохранительной деятельности прокуратуры Республики Казахстан».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: құқық қорғау органдарындағы деонтология, құқық қорғау органдарының қылмыстық іс-жүргізу теориясының сұрақтары, қылмыстық іс-жүргізу кезінде адамның құқытары мен бостандықтарын, конститутциялық және процессуалдық кепілдіктерін іске асыру мәселесі.
Ғылыми еңбектері: 20-дан астам ғылыми еңбектері, «Деонтология в правоохранительной деятельности прокурора» монография авторы.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың проблемалары;
— Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметінің даму стратегиясы;
— Құқықтық деонтология;
— Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының заманауи проблемалары;
— Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикасы мен қызметтік мінез-құлқын ұйымдық-құқықтық реттеу;
— Құқықтың жалпы теориясының заманауи проблемалары.
НҰҒМАНОВ РУСТЕМ РАХИМЖАНҰЛЫ
Доцент
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 24 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Позитивная ответственность в уголовном праве» (мамандығы: 12.00.08-қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық жауапкершілік мәселелері, қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, мемлекеттік сатып алу.
Ғылыми еңбектері: 20-дан астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 «Проблемы уголовной ответственности» монографиясының және 4 оқу құралының авторы: «Современные проблемы общей теории права», «Уголовная ответственность юридических лиц», «Практика противодействия отмыванию денег и финансированию терроризма в Республике Казахстан», «Құқықтық жалпы теориясыныңи казіргі проблемалары cызба түріндегі».
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты және құқық қорғау органдарын дамытудың проблемалары мен перспективалары;
— Заңдық жауаптылық институты: теория және практика проблемалары;
— Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл. Қаржылық тергеулер жүргізу;
— Қазақстан Республикасында қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және активтерді қайтарудың институционалдық жүйесі.
МУРАТЖАН ЗАРИНА
Аға оқытушы
Сыныптық шені: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: PHD докторы
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 9 жыл
Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы террористік және экстремистік қызметті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл: теория мен тәжірибенің жекелеген мәселелері».
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық, қылмыстық процесс.
Ғылыми еңбектер: 20-дан астам жарияланған жұмыстары (ғылыми мақалалары, оқу құралдары, монографиялары) бар.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл институтының проблемалары мен даму тенденциялары;
— Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың проблемалары;
— Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл. Қаржылық тергеулер жүргізу;
— Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы құқықтық рәсімдеу және қолдану практикасы: сыбайлас жемқорлық қауіптері;
— Қазақстан Республикасында қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және активтерді қайтарудың институционалдық жүйесі.
РАХМЕТОЛЛОВ АСҚАР ҚАНАТҰЛЫ
Аға оқытушы
Сынып дәрежесі: әділет кіші кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: философия (PhD) докторы
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 5 жыл
Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметі: мәселелер мен перспективалар»
Ғылыми қызығушылықтар саласы: кәсіпкерлік құқық, атқарушылық іс жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын-алу, оның ішінде мемлекеттік сатып алу және активтерді қайтару туралы заңнама саласында.
Ғылыми-зерттеу қызметі: жарияланған 30-дан астам жұмысы бар.
Магистратурада оқытылатын пәндер:
— Құқық қорғау органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі;
— Процессуалдық қызметте медиацияны және сот төрелігін қалпына келтірудің басқа бағдарламаларын қолдану.
ТАЛКИБАЕВ АСКАР БУЛАТОВИЧ
Аға оқытушы
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 7 жыл
Магистрлік диссертация тақырыбы: «Совершенствование правоприменительной практики при выявлении и расследовании преступлений в сфере интеллектуальной собственности в Республике Казахстан»
Ғылыми қызығушылықтар саласы: зияткерлік меншікті құқықтық қорғау, қылмыстық процесс.
Ғылыми еңбектері: 10-нан астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде, «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында шығарылатын іс жүргізу құжаттарының үлгілері» (1-том) және «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында шығарылатын іс жүргізу құжаттарын ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың» (2-том) әдістемелік құралдары.
Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану проблемалары;
— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;
— Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының заманауи проблемалары;
— Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын құқық қорғау органдарының қызметінде қолданудың мәселелері.