САПАРАЛИЕВА СӘУЛЕ МАМЫРБЕКҚЫЗЫ
Институт директоры
Сынып дәрежесі: аға әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 10 жыл
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Конституционно-правовая защита прав женщин в Республике Казахстан» (мамандығы: 12.00.02: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, муниципалдық құқық).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, әкімшілік қызмет, қаржы құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтарын қорғаудың проблемалық мәселелері.
Ғылыми еңбектері: 70-ден астам ғылыми жұмыстары бар, оның ішінде оқу құралдары: «Әкімшілік құқық бойынша практикум» (орыс, каз.), «Қаржы құқығы» (орыс және қаз.), «Справочник участкового инспектора полиции» и «Проблемы применения административного законодательства в деятельности правоохранительных органов» тақырыптарында жарияланған.
Докторантурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану проблемалары;
— Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың проблемалары.
ЕШНАЗАРОВ АЛМАЗ АЛГАЗОВИЧ
Институт директорының орынбасары
Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 14 жылдан астам
Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қылмыстық процесте артықшылықтар мен иммунитеттер (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша)» (12.00.09: қылмыстық процесс, криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі – мамандығы бойынша).
Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық-процестік құқығы, жүктеме нормативтері, экстремизмге және терроризмге, киберқылмысқа және адам саудасына қырсы іс-қимыл.
Білім және ғылым министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі бар (2020 жылғы 3 тамыздағы сериясы МК 006228).
Ғылыми еңбектері: 30-дан астам жарияланған жұмыстары бар (ғылыми мақалалар, оқу әдістемелер мен құралдар).
Магистратурада оқытылатын пәндер:
— Қазақстан Республикасындағы азаптауға қарсы іс-қимыл;
— Адам саудасына қарсы іс-қимыл: халықаралық және ұлттық құқық.
