Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия) қызметінің негізгі бағыттарының бірі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімді іске асыруды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – Институт) жүзеге асырады.
Институт құрылымы келесі бөлімшелерден тұрады:
1) оқу-әдістемелік жұмысы басқармасы;
2) әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы;
3) жалпы құқықтық пәндер кафедрасы;
4) арнайы заң пәндері кафедрасы.
Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Заңтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша магистратура мен докторантурада жүзеге асырылады.
МАГИСТРАТУРА:
— ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі кемінде екі жыл;
— бейіндік-оқыту мерзімі кемінде бір жыл
ДОКТОРАНТУРА:
— ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі кемінде үш жыл
— бейіндік-оқыту мерзімі кемінде үш жыл, оның ішінде қашықтықтан оқыту
2019 жылы алғаш рет бейінді магистратураға қабылдау жүзеге асырылды, 2022 жылы бейінді докторантура.
2020 жылдаң бастап қашықтықтан оқыту, бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқыту енгізілді, 2022 жылдаң – бейінді докторантура, оның ішінде қашықтықтан оқытумен
2020 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс 50-ден 70 орынға дейін ұлғайтылды.
Оқу аяқталғаннан кейін магистранттарға «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» (Құқық қорғау қызметі) немесе «Заң ғылымдарының магистрі» (Құқықтану) дәрежелері беріледі және мемлекеттік үлгідегі тиісті дипломдар беріледі.
Докторантураның білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған.
2022 жылы ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы дәрежесін бере отырып, «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік докторантураға алғашқы қабылдау жүзеге асырылады, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша.
Қазіргі уақытта Академияда құқық қорғау органдарының 154 қызметкері оқиды, оның ішінде магистратурада – 118 адам (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – 100, бейіндік бағыт бойынша – 18, оның ішінде 10 – қашықтан оқыту), докторантурада – 36, оның ішінде 8 – қашықтан оқыту).
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық оқу пәндері білім алушылардың жоғары білім берудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі Дублиндік дескрипторлардың талаптарына сәйкес келетін ғылыми, педагогикалық және басқарушылық құзыреттерін меңгеруіне бағытталған және құқық қорғау органдарының ұсынымдарын ескере отырып, практикалық қызмет қажеттіліктеріне бағытталған.
Магистранттар мен докторанттардың практикалық дағдыларын дамыту және бекіту үшін оқу пәнінің мазмұнын ескере отырып, сабақтарға Академияның басқа бөлімшелерінен, сондай-ақ құқық қорғау, сот, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан практик-мамандар шақырылады, көшпелі сабақтар өткізіледі.
«Мәдениет университеті» жобасы шеңберінде кәсіптік және ғылыми дағдыларға оқытумен қатар білім алушыларда тиісті жалпы мәдени құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы мәдениеттің әртүрлі құбылыстары (этикет, өнер, отбасылық өмір және тұрмыс мәдениеті) туралы білім меңгеріледі.
Магистратура мен докторантурадағы оқу процесін 27 штаттық бірліктен тұратын профессорлық-оқытушылық құрамы қамтамасыз етеді, оның ішінде 1 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 7 магистр.
Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы білім беру саласында жоғары кәсібилікке ие, көп бөлігі құқық қорғау органдарында практикалық тәжірибеге бар.
Академия құрылған сәттен бастап Институт құқық қорғау органдарының 521 қызметкерін даярлады, оның ішінде 449 магистрант және 72 докторант.
Білім алушыларды даярлау сапасын растау 2017 жылы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестаттаудан өтуі болып табылады, оның нәтижелері бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру желісі бойынша оқыту тәсілдері мемлекеттік стандарттарға сәйкес деп танылды.
2019 жылғы қаңтарда Академияның қызметі мен жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 5 жыл мерзімге аккредиттеді.
2023 жылғы мамырда Академия мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті, академияның магистратурасы мен докторантурасының білім беру қызметі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды және бес жыл мерзімге аттестатталды.