Қылмыстық саясат және криминология мәселелерін зерттеу орталығы

ЖИЖИС СТАНИСЛАВ АЛЬФОНСАСОВИЧ

Орталық бастығы

Аға әділет кеңесшісі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2018 жылдан бастап

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен марапатталды. 2022 жылы Академияның «Құрмет тақтасына» енгізілді.

Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық және қылмыстық-процестік құқық.

Монографиялардың бірлескен авторы «Неприкосновенность частной жизни», «Финансовые пирамиды», «Повышение гарантий защиты прав граждан в уголовном процессе», «Правовой статус прокурора в Казахстане и странах СНГ» және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жекелеген баптарына түсініктемелер (ҚК 50, 131, 145, 405-баптары).

Бірлескен авторлықта Салықтық қылмыстарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысты (ҚР ҚК 216, 244, 245-баптары).

10-нан астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

ORCID-профилі: https://orcid.org/0009-0004-5271-3384

 

ҚАЙРУЛЛА ЕРКІН ҚАЙРУЛЛАҰЛЫ

Бас ғылыми қызметкер

Кіші әділет кеңесшісі

Заң ғылымдарының кандидаты

Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 2001 жылдан.

Жетістіктері:

ҚазГЗУ диссертациялық кеңесінде «Бөтеннің мүлкін зорлықсыз жымқырудың виктимологиялық мәселелері» тақырыбында 12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ҚР БҒМ БҒСБК бере отырып диссертация қорғау (Астана, 2005).

Германия Федералды қылмыстық полиция ведомствосының стипендиялық бағдарламасы бойынша оқыту (Берлин, ГФР, 2006).

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен (2021), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы прокуратура және ішкі істер органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Ғылыми қызығушылықтар саласы: қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы; құқық қорғау қызметі; адами ресурстарды дамыту.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

20-дан астам еңбектердің авторы, оның ішінде бірқатар мамандандырылған басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалар (ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған журналдарда).

 

ТҮСІП ТӨЛЕГЕН АМАНТАЙҰЛЫ

Бас ғылыми қызметкер

Аға әділет кеңесшісі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2019 жылдан бастап.

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы прокуратурасының, ІІМ ведомстволық наградаларымен марапатталған. 2023 жылы Академияның «Құрмет тақтасына» енгізілді.

Ғылыми қызығушылық саласы: қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамасы, қылмыстық-атқару құқығы.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсу себептерін, сондай-ақ олардың жасалу себептері мен жағдайларының алдын алу проблемаларын зерделеу», «Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жасалуын талдау және олардың алдын алу».

«Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттыру», «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық: ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру нысандарын криминализациялау/декриминализациялау», «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары: даму мәселелері мен үрдістері», «Қазақстандағы қаржылық тергеп-тексеру институты» монографияларының бірлескен авторы.

Авторлық ұжым құрамында «Ұрланған активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша әдістемелік ұсынымдарды» әзірлеуге қатысты.

ORCID-профилі: https://orcid.org/0009-0001-7546-9992

 

АЙМУХАМБЕТОВА КАМИЛЯ МУРЗАБАЕВНА

Жетекші ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Заң ғылымдарының магистрі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2016 жылдан бастап

Жетістіктері: Орал мемлекеттік заң университетінің магистратурасы (Екатеринбург қ., 2019 ж.), ҚР нострификациялаудан өтті, 2019 ж.

Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Ғылыми қызығушылық саласы: азаматтық құқық, еңбек құқығы, жер құқығы.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Противодействие коррупции в новых экономических условиях», «Криминологическая характеристика и профилактика убийств: современное состояние и прогноз», «Қылмыскер тұлғасы: криминологиялық зерттеу», «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алудың криминологиялық аспектілері» және «Жаппай тәртіпсіздіктерді квалификацилау және тергеу ерекшеліктері» атты ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша авторлық ұжымның мүшесі болды.

ORCID-профилі: https://orcid.org/0009-0004-9589-9203

 

ЖУСУПОВА ЗАДА ТЕМИРКАНАТОВНА

Жетекші ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Зерттеу тәжірибесі: 2020 жылдан бастап

Жетістіктері: мерейтойлық медальдармен және Қазақстан Республикасы прокуратурасының ведомстволық наградаларымен марапатталған

Ғылыми қызығушылықтары: қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық құқық; құқық қорғау қызметі

Ғылыми-зерттеу қызметі: монографиялардың бірлескен авторы «Наказание в уголовном праве», «Пытки: проблемные вопросы уголовно-правового и процессуального урегулирования в пенитенциарных учреждениях Республики Казахстан».

ORCID-профилі: https://orcid.org/0009-0000-9408-2868

 

АБДУКАДИРОВА САЛТАНАТ АСКАРОВНА

Аға ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Заңтану магистрі

Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесі: 2019 жылдан бастап

Жетістіктер: Қаржы полициясы академиясының магистратурасы (2009).

ҚСжАЕК төрағасының алғыс хаты (2018), Академия Ректорының грамотасы бар (2019). Бірқатар ғылыми мақала жариялады.

Ғылыми зерттеу саласы: қылмыстық-процестік заңнамасы, психология, жалған айту детекциясы.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Азаптау: Қазақстан Республикасының пенитенциарлық мекемелерінде қылмыстық-құқықтық және процестік реттеудің проблемалық мәселелері» және «Интернет желісінде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің проблемалық мәселелері» атты ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша авторлық ұжымның мүшесі болды.

«Құқық қорғау органдарының кадр саясатын іске асыру кезінде полиграфологиялық зерттеулердің нәтижелерін жүргізу және пайдалану тәжірибесі» тақырыбында экспресс-зерттеу жүргізді.

ORCID-профилі: https://orcid.org/0009-0001-6067-2111

 

МИРЗАЛИМОВА РАМИЛЯ АБЛЕТИПОВНА

Аға ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Заң ғылымдарының кандидаты

Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 2009 жылдан бастап

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық наградаларымен марапатталған

Диссертация: «Предупреждение преступлений в сфере выпуска и обращения ценных бумаг: уголовно-правовые и криминологические аспекты» (2010ж.)

Ғылыми мүдделер саласы: қылмыстық құқық, криминология, құқық қорғау қызметі.

Ғылыми-зерттеу қызметі: «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жетілдірудің кейбір мәселелері», «Шетелдік тәжірибені талдау негізінде Қазақстан Республикасы Жол полициясы органдарын жетілдіру перспективалары», «ІІО-да стратегиялық жоспарлау», «Патрульдік полицияның саптық бөлімшелеріне көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүктемені есептеудің негіздемесі мен әдістемесі», Табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция инспекторының анықтамалығы.

ORCID-профилі: https://orcid.org/0009-0003-5852-5678

 

ШЕГЕБАЕВА АЙГЕРІМ РЫСБАЙҚЫЗЫ

Аға ғылыми қызметкер

Әділет кеңесшісі

Философия докторы (PhD)

Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 13 жыл

Жетістіктері: Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының диссертациялық кеңесінде «Қазақстанның қылмыстық-құқықтық саясатында жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 6D030300 – құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алумен докторлық диссертация қорғалды (Қарағанды, 2016).

Ғылыми мүдделер саласы: қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы; құқық қорғау қызметі.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

10-нан астам біліктілікті арттыру курстарында оқыды, соның ішінде Будапешт қ. Халықаралық құқық қорғау органдары Академиясының (ILEA) «Қылмыстық сот төрелігі секторындағы әйелдердің көшбасшылығы» тақырыбында Қазақстан, Армения, Босния және Герцеговина, Венгрия, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің құқық қорғау, сот және прокуратураның әйел қызметкерлерінің қатысуымен онлайн семинарға қатысты.

30-дан астам еңбектің, оның ішінде қылмыстық құқық және криминология бойынша оқу құралдарының, бірқатар мамандандырылған басылымдарда (оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым және Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған және Scopus дерекқорына кіретін журналдарда) жарияланған ғылыми мақалалардың авторы.

ORCID-профилі: https://orcid.org/0009-0003-1318-3635