Диссертациялық кеңесі туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы ректорының
2022 жылғы «26» сәуірдегі
№21 бұйрығына 2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) Диссертациялық кеңесі туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV ҚРЗ, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ҚРЗ заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгі ереже), 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида), 2011 жылғы 19 мамырдағы №203 «Философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғаған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аннотация – диссертация мазмұнының қысқаша жазылуы;

2) аппеляциялық комиссия — құрамында Академияның 2 (екі) өкілі және ғылыми консультанттар, рецензенттер, диссертациялық кеңестің мүшелері болып табылмайтын басқа жоғары оқу орындарының, ғылыми және өзге де ұйымдардың 3 (үш) ғалымы бар, диссертацияларды қорғау нәтижелері бойынша даулы мәселелерді жою мақсатында құрылған комиссия;

3) аттестациялық іс – Академияның Диссертациялық кеңесіне философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы;

4) Академияның диссертациялық кеңесі – «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми және педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламалары бойынша философия докторы (PhD), «Құқықтану» (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша құқық докторы, «Құқық қорғау қызметі» (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы дәрежесіне ізденушінің диссертациялық жұмысын қорғауды жүргізетін Академия жанындағы алқа органы;

5) ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы – «Құқық қорғау қызметі» (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бағдарламасын игерген және Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте танылған одан тысқары жерлерде диссертация қорғаған адамға берілетін дәреже;

6) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте диссертация қорғаған адамдарға берілетіндәреже;

7) құқық докторы – «Құқықтану» (бейінді бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бағдарламасын игерген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте танылған Қазақстан Республикасы немесе оның шегінде диссертация қорғаған адамға берілетін дәреже;

8) философия докторы (РhD) –ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте танылған Қазақстан Республикасы немесе одан тысқары жерлерде диссертация қорғағанадамдарға берілетіндәреже;

9) докторант – докторантурада білім алатын адам ;

10) докторантура – міндетті түрде кем дегенде 180 академиялық кредитті игерге отырып, білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

11) докторлық диссертация – докторанттың теориялық ережелер әзірленген, жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде саралауға болатын немесе ғылыми проблема шешілген не ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер жазылған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы;

12) Диссертациялық кеңес комиссиясы – диссертациялық кеңес мүшелерінің құрамынан докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын (плагиат) тексеру үшін құрылған комиссия;

13) рецензент — Диссертациялық кеңеспен тағайындалатын ғылыми дәрежеге ие және докторанттың зерттеу саласында кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы бар, диссертацияға жазбаша пікір ұсынуға уәкілетті ғылымның осы саласындағы құзыретті мамандар арасынан тағайындалады;

14) ізденуші — докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін диссертация қорғауға ұсынылған тұлғалар;

15) есеп комиссиясы — Диссертациялық кеңес мүшелерінің қатарынан құрылған дауыстарды санау және құпия дауыс беру қорытындыларын шығару қызметін атқаратын комиссия;

16) транскрипт (тranscript) – кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер және (немесе) модульдер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;

17) ЖОО-ның этикалық комиссиясы – зерттеу объектілерінің (тірі табиғат объектілері мен мекендеу ортасының) құқықтарын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеулерді жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және нәтижелерін тарату процесінде бұзушылықтарды анықтау нысанасына докторлық диссертацияны сараптауды жүзеге асыратын ЖОО-да құрылатын алқалы орган.

2. Диссертациялық кеңестің қызметін ұйымдастыру

3. Диссертациялық кеңесті Академия құрады және ол Академия ректорының бұйрығы негізінде әрекет етеді. Диссертациялық кеңестің құрылуы туралы ақпарат Ректордың бұйрығы шыққаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Академияның интернет-ресурсында жарияланады.

4. Диссертациялық кеңес құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар6 (алты) адам кіреді.

Олардың кемінде 1/3-і (үштен бірін) басқа ЖОО-лардың, ғылыми немесе басқа ұйымдардың өкілдері, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылады. Докторлық зерттеу тақырыбына байланысты докторантты қорғау кезеңіне диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындауға жол беріледі.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері ретінде ғылыми консультанттар, сондай-ақ докторантпен немесе оның ғылыми кеңесшісімен үлестес тұлғалар тағайындалмайды:

1) жақын туыстары – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері, жұбайы немесе зайыбы, жекжаттары;

2) докторант немесе ғылыми кеңесші еңбек қатынастарында немесе олардан қаржылық немесе өзге де ресурстар алуды көздейтін өзге де қатынастарда болатын ұйымдардың қызметкерлері;

3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде бірлесіп жарияланған мақалалар мен шолулардың бірлескен авторлары.

5. Диссертациялық кеңестің құрамына:

1) Академия ректоры;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері;

3) соңғы 5 (бес) жылда теріс шешім қабылданған диссертациялар бойынша ғылыми консультант болған мамандар кірмейді.

6.Диссертациялық кеңес мүшелерінің (жартысынан кем емес) Web of Science (вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) ақпараттық базасының деректері бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда тиісті зерттеу саласындағы жарияланымдары болуы тиіс; және (немесе) халықаралық патенттер; және (немесе) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) бекітетін ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіндегі басылымдарда (бұдан әрі – басылымдар тізбесі) кемінде 10 (он) жарияланым болуы тиіс.

7. Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы және оған өзгерістер енгізу, сондай-ақ төраға, төрағаның орынбасары және хатшысы Академияның Ғылыми кеңесі шешімінің негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі. Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы 3 (үш) жылға бекітіледі.

8. Академия:

1) диссертациялық кеңестің отырыстарын және диссертацияларды ашық түрде қорғауды өткізу үшін қажетті жағдайлармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы;

2) диссертациялардың мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінде, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша тексерілуін, оның ішінде диссертациялық кеңес комиссиясы мемлекеттік құпияны немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерге тексерілуін қамтамасыз етеді.

3) Диссертациялық кеңестің қызметіне байланысты шығыстарды, оның ішінде Диссертациялық кеңес мүшелерінің іс-сапар шығыстарын төлеуді қамтамасыз етеді.

3. Диссертациялық кеңестің функциялары

9. Диссертациялық кеңестің функциялары:

1) диссертацияны қорғауға қабылдау және оның Ережелер және Қағидалар талаптарына сәйкестігін тексеру;

2) диссертация бойынша қорғау мерзімін және ресми рецензенттерді, Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындау;

3) Диссертациялық кеңестің комиссиясын құру;

4) докторлық диссертацияның ашық түрде қорғауын өткізу;

5) диссертация бойынша шешім қабылдау.

10. Төрағаның функциялары:

1) Диссертациялық кеңестің қызметіне басшылық жасау;

2) Диссертациялық кеңес отырыстарын өткізу;

3) қорғауға қабылданған диссертациялардың сапасын бақылау;

4) Диссертациялық кеңес қорытындыларының жобаларын бақылау;

5) Диссертациялық кеңес отырыстарын қорытындылау;

6) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломға қол қою;

7) Академия басшылығымен, мемлекеттік органдардың, ЖОО-ның, ғылыми және басқа ұйымдардың өкілдерімен өзара әрекет ету.

11. Орынбасар егер төраға қорғалатын диссертацияның ғылыми консультанты болса, сондай-ақ төраға болмаған жағдайда Диссертациялық кеңес отырысы бойынша төрағаның функцияларын атқарады.

12. Ғылыми хатшының функциялары:

1) ізденуші ұсынған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, тексеру нәтижелері туралы төрағаға ақпарат беру;

2) ізденушінің қорғауға қабылданатын құжаттарын тіркеу;

3) ізденушілердің диссертациялық жұмыстарын қорғауға қабылдау туралы Диссертациялық кеңес отырысына ақпарат дайындау;

4) Диссертациялық кеңес отырысының күн тәртібін дайындау және оны төрағамен келісу;

5) Диссертациялық кеңес мүшелерінің кворумын қамтамасыз ету;

6) Диссертациялық кеңес отырыстарына қорғалатын диссертациялар бойынша жасырын дауыс беруді дайындау;

7) Диссертациялық кеңес отырыстарына қорғалатын диссертациялық жұмыстар бойынша қорытындылар жобаларын дайындау;

8) қорғау процесін бақылау;

9) диссертация қорғалғаннан кейін ізденушінің аттестациялық ісін құру;

10) философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломға қол қою;

11) филиосфия докторы (PhD) дәрежесін беру (беруден бас тарту) бойынша Диссертациялық кеңес қабылдаған шешімдер туралы тоқсан сайынғы және жылдық есептер дайындау;

12) тоқсан сайынғы (осы Ереженің 1-қосымшасы) және жылдық есепті қоса отырып (осы Ереженің 2-қосымшасы) Академияның интернет-ресурсына кеңес қызметі туралы ақпарат тарату (мемлекеттік құпиялар бар материалдар мен диссертациялардан басқа);

13) Диссертациялық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету.

13. Диссертациялық кеңестің мүшелері:

1) өзі, өзінің ғылыми қызметі, қаралатын диссертациялық жұмыс туралы объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;

2) Диссертациялық кеңестің жұмысына белсене қатысады және оның отырыстарына қатысады;

3) шешім қабылдағанда қоғамдық пікірдің, бір тараптың немесе үшінші тараптың әсеріне тәуелді болмайды;

4) қорғау нәтижесіне әсері бар диссертацияны қорғауға жататын өздеріне мәлім болған деректерді жасыруға, ғылыми әдептің бұзылуына жол бермейді, және бұл туралы төрағаға және ғылыми хатшыға хабарлайды;

5) мүдделер жанжалы анықталған жағдайда, бұл туралы жанжалды жою және реттеу бойынша шаралар қабылдау үшін төрағаға және ғылыми хатшыға мәлімдейді;

6) Диссертациялық кеңестің қызметі процесінде Диссертациялық кеңестің басқа мүшелерінің, ізденушілерінің, ғылыми кеңесшілер мен ресми рецензенттердің ары мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздерді, айыптауларды пайдаланбайды.

Осы тармақта көрсетілген талаптардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда Академияның Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес төрағаның ұсынысы бойынша Диссертациялық кеңестің мүшесі Диссертациялық кеңес құрамынан шығарылады.

14. Диссертациялық кеңес докторанттың диссертациялық жұмыс немесе 5-1-тармағының талаптарына сәйкес жарияланған мақалалар сериясы нысанында ұсынған диссертациясын қорғауды өткізеді.

15. Күнтізбелік жыл аяқталған соң Диссертациялық кеңес осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комитетке Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп береді.

16. Диссертациялық кеңес осы Ережеде белгіленген талаптарды 3 (үш) реттен көп бұзатын жағдайда төраға, орынбасар және ғылыми хатшы ауыстырылады.

4. Диссертациялық кеңеске докторлық диссертацияларды беру тәртібі

17. Қорғауға құжаттарды қабылдауға дейін сәйкес докторант оқыған ЖОО-да кафедраның кеңейтілген отырысында және ғылыми (академиялық) кеңестен (бұдан әрі – кеңейтілген отырыс) диссертацияны алдын ала талқылауды өткізеді. Жоғары оқу орнының докторанттың кеңейтілген отырыс өткізілгеннен кейін диссертацияны талқылаудың басқа нысандарынан міндетті түрде өтуін талап етуіне жол берілмейді.

18. Кафедраның кеңейтілген отырысының оң шешімін алғаннан кейін ізденуші ЖОО-ның ректоры атына қай Диссертациялық кеңесте қорғауды таңдайтыны туралы өтініш береді (осы Ереженің 3-қосымшасы). Егер ізденуші басқа ЖОО-ны таңдаған жағдайда, Академия ізденуші өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін проректордың қолы қойылған ілеспе хат арқылы аталған ЖОО мынадай құжаттарды жібереді:

1) отандық және шетел ғылыми консультанттардың пікірлері («Құқық қорғау қызметі» мамандығы үшін отандық консультанттардың пікірлерінің бар болуы жеткілікті);

2) кафедраның кеңейтілген отырысының оң қорытындысы;

3) қатты қаптамадағы және электронды тасымалдағыштағы диссертация (егер диссертациялық жұмыс қашықтан қорғалатын болса);

4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері;

5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес Академияның этикалық комиссиясының қорытындысы.

Диссертациялық жұмыс қазақша немесе орысша немесе ағылшынша ұсынылады.

Академия докторанты диссерацияларын Академияда тиісті білім беру бағдарламасы болмағанда басқа ЖОО-ның Диссертациялық кеңесінде қорғайды.

19. Ізденушінің Диссертациялық кеңеске осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес ұсынған құжаттары алдын-ала қарау және одан әрі Диссертациялық кеңесте қорғау үшін негіз болады.

Құжаттарды тіркеуді ғылыми хатшы жүзеге асырады және оларды кемінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде Диссертациялық кеңеске ұсынады.

20. Диссертация, ғылыми консультант пікірлері және сарапшылық қорытындыны дайындаумен танысу үшін Диссертациялық кеңес өз құрамынан тиісті зерттеу саладағы тәуелсіз үш сарапшы тағайындайды.

Сарапшы сарапшылық қорытынды дайындайды (осы Ереженің 7-қосымшасы) және сараптама тағайындалған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей оны Диссертациялық кеңеске жолдайды.

Сарапшылық қорытынды мазмұнында:

1) ізденуші оқыған мамандық бойынша диссертация тақырыбы мен диссертацияның сәйкестігі;

2) зерттеу тақырыбының өзектілігі;

3) ғылыми нәтижелері мен оларды негіздеуі;

4) ғылыми нәтижелердің практикалық және теориялық маңыздылығы;

5) диссертацияның Қағидалардың 5, 6, 7-тармақшаларына сәйкестігі;

6) ескертулер мен ұсыныстар;

7) рецензенттер мен ғылыми консультанттардың бір-бірінен тәуелсіздігі қағидасын ескере ала отырып, қарастырылып отырған диссертацияның ресми рецензенттері бойынша тағайындау туралы ұсыныс;

8) Диссертациялық кеңеске диссертацияны қорғауға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы ұсыным болуы тиіс.
Диссертациялық кеңес сарапшыларының қорытынды негізігде, өз отырысында Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғауға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

21. Диссертацияны қорғауға қабылдау жөніндегі диссертациялық кеңестің отырысында кеңестің тұрақты құрамы осы Ереженің 4-тармағының талаптарына сәйкес Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындайды.

22. Құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді және ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе академиялық дәрежесі (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және ізденушінің зерттеу саласы бойынша кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы бар 2 (екі) ресми рецензентті тағайындайды.

Диссертацияның қорғау күні диссертацияның қорғау күнін белгілеу күнінен 3 (үш) айдан аспауы тиіс. Қорғау күнін белгілеу кезінде ізденушілер құжаттарының түсу кезегі сақталады. Бірнеше үміткерлер болған жағдайда басымдылық Академия ізденушілеріне беріледі.

23. Ресми рецензенттерді тағайындау кезінде Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми консультанттардың бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады.

Мыналар:

1) Комитет қызметкерлері;

2) ізденушінің диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары;

3) диссертация орындалған және (немесе) ізденуші тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖОО және ғылыми ұйымдар бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлері ресми рецензент бола алмайды.

4) соңғы 3 (үш) жылда диссертация мазмұны жөніндегі комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша оң қорытынды берген ғылыми консультанттар немесе ресми рецензенттер болып табылатын мамандар.

24. Диссертациялық кеңес Академияның интернет-ресурсында ізденушілердің қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі материалдарды (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:

1) докторант, диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері және ресми рецензенттер туралы ақпаратты, диссертацияны ұсыну нысанын, мекенжайын, күні мен уақытын (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын, тұрақты негізде қолжетімді болады) көрсете отырып, алдағы қорғау туралы хабарлама;

2) диссертация (қорғаудың белгіленген күніне дейін 1 (бір) ай бұрын), сондай-ақ оның диссертациялық кеңестің ескертулері бойынша титул парағында тиісті белгілері бар пысықталған барлық нұсқалары (тұрақты негізде қолжетімді);

3) жалпы көлемі 15 беттен аспайтын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотация (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын). Аннотацияда қорғауға шығарылатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы, мақсаты, зерттеу міндеттері, зерттеу әдістері, негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар), зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы, алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі, ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі, докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады;

4) ізденуші жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

5) ғылыми консультанттардың пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын), қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді;

6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын);

7) қорғаудың толық көлемдегі бейнежазбасы, монтажға жол берілмейді (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін 5 (бес) ай бойы қолжетімді);

8) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы Диссертациялық кеңестің қорытындысы (осы Ереженің 8-қосымшасы) (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

9) апелляциялық комиссияның шешімі (болған жағдайда, шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және шешім қабылдағаннан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

10) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады);

11) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес Диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөніндегі шешімдері туралы тоқсандық есеп. Тоқсандық есеп тоқсан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде орналастырылады және диссертациялық кеңестің қызметі мерзімінде қолжетімді;

12) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломды беруді ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер;

13) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және ресми рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда);

14) Диссертациялық кеңестің құрамы туралы ақпарат және диссертациялық кеңес қызметінің тәртібі;

15) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінің, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйелерінің бар болуы туралы ақпарат;

16) докторант оқыған ЖОО-ның жанындағы Этикалық комиссияның зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы;

17) диссертациялық кеңестің бейнеконференция нысанындағы online (онлайн) отырысын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат.

25. Диссертация Академияның интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын заңсыз көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады. Диссертация Академияның интернет-ресурсында орналастырылғаннан және/немесе диссертацияға қабылданғаннан кейін (мемлекеттік құпиялары немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтері бар диссертациялар қорғалған жағдайда) диссертация мәтініне өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Диссертациялық жұмыс пысықталған жағдайда оның соңғы нұсқасы «Диссертациялық жұмыстың соңғы нұсқасы» деген белгісі бар философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін Академияның интернет-ресурсында орналастырылады.

Академияның интернет-ресурсында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.

26. Алдағы қорғау туралы хабарламаны Ғылыми хатшы қорғауға қабылдау күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке жолдайды.

27. Диссертация қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Диссертациялық кеңестің шешімі бойынша Ғылыми хатшы диссертацияны ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін проректордың қолы қойылған ілеспе хат арқылы ізденушінің авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ға (бұдан әрі — ҰМҒТСО) жібереді.

ҰМҒТСО диссертация түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның мәтінін ашық қолжетімді түрде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Диссертация тұрақты күйде қолжетімді болады.

Мемлекеттік құпиялары немесе қызмет бабында пайдалануы үшін мәліметтері бар диссертацияларда докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдалануы ҰМҒТСО-да немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында және (немесе) ғылыми ұйымдарында комиссия негізінде тексеріледі.

28. ҰМҒТСО анықтамасында, ресми рецензенттердің пікірлерінде және Академияның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерде көрсетілген плагиат фактілері болған жағдайда 3 (үш) Диссертациялық кеңесінің мушесінен (ізденушінің ғылыми зерттеу саласы бойынша мамандар) Диссертациялық кеңестің шешімімен Диссертациялық кеңестің комиссиясы құрылады. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды диссертациялық кеңеске диссертация қорғауға дейін 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Диссертациялық кеңестің комиссиясы диссертацияны плагиатқа тексереді.

Плагиат фактілеріне тексеру туралы қорытынды Диссертациялық кеңеске диссертация қорғауына 8 (сегіз) жұмыс күні қалғанға дейін беріледі.

29. Диссертациялық кеңес Комиссия қорытындысы негізінде (қорғауға кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалғанға дейін) және Қағидалардың 5,6,7-тармақшаларының талаптары бұзылғаны анықталғанда ізденушіні қорғауға жіберу немесе диссертацияны қорғаудан алып тастау туралы шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы диссертациялық кеңес ізденушіге 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды. Тиісті ақпарат Академияның интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау жағдайларын қоспағанда).

Ізденуші жасырын дауыс беру басталғанға дейін жазбаша өтініші бойынша диссерацияны қорғаудан алып тастауға мүмкіндігі бар. Диссертацияны қорғаудан алып тастау туралы өтініш төрағаға жіберіледі.

30. Ресми рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде Диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда ғылымның даму бағыттарына және (немесе) мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі, таңдалған тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңашылдық, өзі жазу, дәйектілік, ішкі бірлік, практикалық құндылық, академиялық адалдық принциптеріне сәйкестігі бағаланады, сондай-ақ «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми және педагогикалық бағыт) жоғары оқу орынан кейінгі білім берудің білім бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» (бейінді бағыт) жоғары оқу орынан кейінгі білім берудің білім бағдарламасы бойынша бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беріледі (осы Ереженің 8-қосымшасы).
Егер диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалатын болса, ресми рецензенттер докторанттың зерттеу тақырыбы бойынша мақалаларының ғылыми деңгейін зерделейді. Егер мақаланың 2/3 және одан көп бөлігі докторанттың зерттеу тақырыбымен байланысы болмаса, оны ресми рецензент ескермейді.

Ресми рецензенттер пікірлерінде мына шешімдердің бірін көрсетеді:

1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру;

2) диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайлардан басқа);

3) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.

Ресми рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Ізденуші пікірлерді ғылыми хатшыға береді.

Ресми рецензенттер жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады. Егер ресми рецензентті ауыстыру туралы шешім 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.

5. Докторлық диссертацияны қорғауды жүргізу рәсімдері және ол бойынша шешім қабылдау

31. Диссертацияны қорғау бойынша диссертациялық кеңес отырысы келесіден тұрады:

1) Төрағаның кворум, отырыстың заңдылыққа сәйкес өткізілуі туралы кіріспе сөзі, ізденушілерді, мамандықтары мен диссертация тақырыптарын таныстыру;

2) Ғылыми хатшының ізденуші құжаттарының ғылыми жарияланымдарының толықтығы мен сәйкестігін көрсете отырып, нормативтік талаптарға сәйкестігін хабарлауы;

3) ізденушінің сөзі;

4) ізденушіге қойылатын сұрақтар, ізденушінің жауаптары;

5) ғылыми кеңесшілердің сөздері;

6) рецензенттердің сөздері;

7) ізденушінің рецензент ескертулері мен ұсынымдарына жауабы;

8) Ғылыми хатшының диссертация мазмұны бойынша Диссертациялық кеңеске келіп түскен бейресми пікірілерді оқуы;

9) ізденушінің бейресми пікірлердің мазмұнындағы ескертулер мен ұсыныстарға жауабы;

10) диссертациялық кеңес мүшелерінің және Диссертациялық кеңес отырысына қатысушылар арасынан ниет білдірушілердің пікір-сайысы;

11) ізденушінің қорытынды сөзі;

12) есептік комиссияның диссертациялық кеңес құрамынан төрағадан басқа 3 (үш) адамды таңдауы;

13) ғылыми дәреже беру туралы өтініш сұрағы бойынша жасырын дауыс беру;

14) есептік комиссия төрағасының құпия дауыс берудің нәтижелері туралы сөзі, есеп комиссиясының хаттамасын бекіту;

15) көпшілік алдында қорғау нәтижелерін хабарлау;

16) Диссертациялық кеңестің диссертацияны қорғау негізінде қорытынды шығаруы.

32. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі), диссертациялық кеңестің мүшелерінен отырысқа әр мамандық (кадрларды даярлау бағыты) бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды болып саналады. Растайтын құжат болып Диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы саналады (осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес).

Ресми рецензенттердің және диссертациялық кеңестің уақытша тағайындалған мүшелерінің отырысқа қатысуы міндетті болып табылады.

Диссертациялық кеңес мүшелері және ресми рецензенттер қорғауға бейнеконференция нысанында қатыса алады. Ресми рецензенттердің бірі болмаған жағдайда (дәлелді себеппен) оның пікірін ғылыми хатшы оқиды.

Отырысқа практикалық саланың шақырылған мамандарының қатысуына жол беріледі (диссертация қолданбалы сипатта болса).

33. Диссертацияны ашық қорғау интернет желісінде тікелей онлайн трансляция режимінде өтеді. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялар қорғалатын жағдайда диссертациялық кеңес мүшелері мен ресми рецензенттердің бейнеконференция нысанында қатысуына, сондай-ақ интернетте трансляциялауға жол берілмейді.

Диссертациялық кеңес докторантқа, диссертациялық кеңес мүшелеріне, ресми рецензенттерге диссертациялық кеңес отырысын бейнеконференция нысанында өткізетіні туралы электрондық пошта және кеңестің сайтында хабарлама беру арқылы диссертация қорғауға кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда хабарлайды.

Диссертациялық кеңес отырысты бейнеконференция нысанында өткізгенде:

отырысқа қатысатындардың визуалды идентификациясы;

интернет желісінде отырысқа қатысушылар сөздерінің үздіксіз бейне- және аудио трансляциясы;

отырыстың бейне- және аудиожазбасы;

Диссертациялық кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беруі қамтамасыз етіледі.

34. Диссертациялық кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғылыми хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда, диссертацияны қарау кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен төраға орынбасарына, төраға орынбасары мен ғылыми хатшының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен оның мүшелеріне жүктеледі.
Төраға, төраға орынбасары мен ғылыми хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.
Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының толық көлемде бейнежазбаға түсірілуін қамтамасыз етеді, монтажға жол берілмейді.

35. Диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:

1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру;

2) диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация диссертациялық жұмыс нысанында қорғалған жағдайда ғана);

3) диссертацияны қайта қорғауға жіберу;

4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.

Диссертациялық жұмыс егер оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпей, мәтін бойынша елеусіз ескертулер болған жағдайда пысықтауға ұсынылады. Егер диссертация Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармағына сәйкес келмесе және (немесе) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда диссертация философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

36. Докторанттың ғылыми консультанты, тікелей басшысы немесе жақын туысқандары болып есептелетін Диссертациялық кеңес мүшелері дауыс беруге қатыспайды.

37. Құпия дауыс беру басталғанға дейін дауыстарды санау үшін есеп комиссиясы құрылады. Есеп комиссиясының мүшелері Диссертациялық кеңес мүшелерінің отырысқа қатысқан көпшілігінің ашық дауыс беруімен таңдалады.

38. Құпия дауыс беруге осы Ереженің 36-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда Диссертациялық кеңестің отырысқа қатысқан мүшелері ғана қатысады. Есептік комиссия оларға дайындалған бюллетендерді қолдарына тапсырады.

Диссертациялық кеңестің дауыс беруге қатысушы мүшелеріне және ресми рецензенттерге есеп комиссиясы дайындалған бюллетеньдерді (осы Ережеге 10-қосымша) береді.

39. Дауыс беруші «Дауыс берудің қорытындылары» графасынан артығын сызып, бюллетенді мөрленген сауытқа жібереді. Содан кейін есеп комиссисының мүшелерінен басқалары үй-жайдан шығады.

40. Есеп комиссиясының мүшелері сауытты ашады, бюллетень санын есептейді және дауыс берудің нәтижесі бойынша хаттама әзірлейді (осы Ереженің 11-қосымшасы).

Таратылмаған бюллетендер құпия дауыс берудің алдында жасалған тиісті белгімен есептік комиссияда қалады, бұл туралы хаттамада көрсетіледі. Диссертациялық кеңестің дауыс беруге қатысқан Диссертациялық кеңес мүшесінің немесе рецензенттің пікірін анықтауға мүмкіндік бермейтін бюллетендер жарамсыз деп есептеліп, есептік комиссияның хаттамасында ескеріледі.
Дауыс берудің нәтижесі бойынша хаттаманы ресімдегеннен кейін есептік комиссиясы бюллетендерді өз хаттамаларына тіркейді.

41. Диссертациялық кеңес құпия дауыс беруге қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы есептік комиссияның хаттамасын бекітеді.

42. Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған отырысқа қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің 3/4-сі (төрттен үші) және одан көбі дауыс берсе, оң қабылданды деп саналады.

Кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жолдау туралы шешімі, егер дауыс беруге қатысқандардың 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Егер дауыстар көрсетілген санға жетпесе, қайта дауыс беру өткізіледі, онда диссертацияны пысықтауға не, егер оған отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

43. Философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешім немесе қайта қорғауға жіберу не доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Ереженің, Қағидаларының қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды. Қорытындыға төраға мен ғылыми хатшы қол қояды (осы Ереженің 12-қосымшасы).

44. Диссертациялық кеңестің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы қорытындысы Диссертациялық кеңестің шешім қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Академияның интернет-ресурсында орналастырылады.

45. Академия Диссертациялық шешім негізінде шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ізденушіге философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін беру туралы тиісті бұйрық шығарады.

6. Докторлық диссертацияны пысықтау мен қайта қорғау тәртібі

46. Диссертацияны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданғанда Диссертациялық кеңес диссертациялық жұмыс бойынша нақты ескертулер қамтылған қорытынды шығарады.

Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске үш айлық мерзімде ұсынылады, оны 3 (үш) айдан артық мерзімге ұзартуға болмайды. Пысықтау мерзімін ұзарту туралы шешімді диссертациялық кеңес докторанттың өтініші негізінде қабылдайды. Егер пысықталған диссертациялық жұмыс белгіленген уақытта ұсынылмаса, докторант қайта қорғаудан өтеді.
Докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен толық не жартылай келіспейтін жағдайда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады.

47. Диссертациялық жұмысты қайта қорғау алдындағы қорғаудан 6 айдан кем емес уақыт өткенде осы Ережеде белгіленген тәртіппен өткізіледі. Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы және ресми рецензенттер сақталады. Диссертация қайта қорғауға 2 (екі) реттен артық жіберілмейді.

48. Диссертация қайта қорғауға ұсынылған жағдайда Диссертациялық кеңес диссертацияда бұдан бұрын орын алған бұзушылықтардың жойылуы туралы қорытынды жасау үшін Диссертациялық кеңестен 3 (үш) мүшені тағайындайды.
Қорытынды Академияның интернет-ресурсында диссертацияны қорғауға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналастырылады және қорғауда оқылады. Отырыс осы Ереженің 32-тармағында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте интернетте онлайн трансляциясыз отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі.

49. Пысықталған диссертация ҰМҒТСО-ға плагиатқа тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін Диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және Диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды (болған жағдайда) талқылау жөнінде отырыс өткізеді. Отырыс осы Үлгі ереженің 32-тармағында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте интернетте онлайн трансляциясыз отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі.

Талқылаудан кейін жай көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы дәреже беру немесе қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

50. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы диссертациялық кеңестің шешімі қабылданған диссертация осы Ереженің 4 және 5-тарауларында белгіленген тәртіппен қайта қорғауға, бірақ алдыңғы қорғаудан кейін бір жылдан ерте емес уақытта ЖОО-да ұсынылады.

7. Апелляция өткізудің тәртібі

51. Ізденуші философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы Диссертациялық кеңес шешіміне шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ректордың атына ерікті нысанда апелляцияға бере алады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция қарауға қабылданбайды.

52. Академия ректорының бұйрығымен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін ретттеу үшін апелляция берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Диссертациялық кеңестің 2 (екі) мүшесі және ғылыми кеңесші, рецензент, Диссертациялық комиссия мүшесі, ғылыми консультант, рецензент болып табылмайтын Академия қызметкерлері ішінен докторантураның тиісті білім беру бағдарламасы бойынша 3 (үш) ғалым және/немесе басқа ЖОО-ның, ғылыми және өзге ұйымдардың өкілдері құрамынан құрылады.

Комиссия мүшелерінің ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі болуы тиіс және докторантураның тиісті білім беру бағдарламасының маманы болу қажет.

53. Комиссия:

1) Комиссия төрағасын сайлайды;

2) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы Диссертациялық кеңестің шешіміне, сондай-ақ докторлық диссертацияны қорғауды жүргізу бойынша Диссертациялық кеңес тарапынан жіберілген құқық бұзушылықтар фактілеріне және осы Ережелерде және Қағидаларда көзделген өзге де құқық бұзушылықтарға апелляцияны қарайды;

3) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды тараптардан сұрайды және алады;

4) іздеушінің аттестациялық ісін қарайды және апелляция нәтижесі бойынша құрылған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде қорытынды дайындайды.

54. Комиссия төрағасы:

1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;

2) Комиссия отырысының орнын және өткізу уақытын анықтайды;

3) Комиссия отырысын шақырады және оған төрағалық етеді.

55. Комиссия қорытындысын комиссия мүшелері ашық дауыс беру негізінде көпшілік дауыспен қабылдайды және оған барлық комиссия мүшелері қол қояды.

56. Комиссия апелляцияны қарау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің біреуін таңдайды:

1) апелляцияны қанағаттандыру;

2) апелляцияны қанағаттандырудан бас тарту.

57. Комиссия өз қызметінде осы Ережелерді және Қағидаларды басшылыққа алады.

58. Апелляциялық комиссияның шешімі оны қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ізденушіге хабарланады және Академияның интернет-ресурсында орналастырылады.

59. Комиссия хаттамаларының көшірмелері және қорытындылары соңғы шешім қабылдау үшін оған қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Диссертациялық кеңеске жіберіледі.

Осы шешім туралы ақпарат Диссертациялық кеңестің шешім қабылдаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Академияның интернет-ресурсында орналастырылады

60. Ізденуші Диссертациялық кеңестің соңғы шешімімен келіспеген жағдайда дауды сот тәртібінде шешуге құқығы бар.

61. Осы Ережеде реттелмеген даулар, соның ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту мәселелері бойынша даулар, апелляция беру мерзімін қайта құру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.

8. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның нысаны және оны беру тәртібі

62. Академия Қағиданың 34-тармағына сәйкес Диссертациялық кеңес шешімімен философия докторы (PhD), бейіні бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген адамдарға белгіленген нысандағы үлгі бойынша өзінің дипломдарын береді (осы Ереженің 13-қосымшасы).

63. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломы мынадай құрамнан тұрады:

1) 310*110 мм көлемдегі қатты мұқаба;

2) 310*110 мм көлемдегі қосымша парақ.

Құжаттың мұқабасы қызыл қоңыр түсті материалдан жасалынады. Мұқабада алтын түспен жазылған мынадай жазулар болады:

1) жоғарыда бедерлі жазумен мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» деп жазылады;

2) ортасында –Академия логотипі бейнеленген;

3) логотип бейнесінің астында-құжат атауы мемлекеттік тілде: «Философия докторы (PhD) дипломы» немесе «Бейін бойынша доктор дипломы» бедерлі жазумен;

Қосымша парақ бланктері, құжаттардың қосымшалары типографиялық үлгіде басылады (бланкте мәліметтер болмайды, ол қолмен немесе арнайы құрылғымен толтырылады).

Қосымша парақ бланктері, қосымшалар арнайы қорғау дәрежесі бар ақшыл қызғылт түсті қағазда (таңбалармен) басылады.
Қосымша парақтың бет жағында:

1) жоғарыда — мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» жазуы;

2) ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі астында – мемлекеттік тілде «Философия докторы (PhD) дипломы» немесе «Бейін бойынша доктор дипломы» атауы.

Қосымша парақтың екі ішкі жағында ортасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі басылады.
Философия докторы (PhD) немесе бейін бойынша доктор дипломдары қосымша парығында ішкі сол жағында мемлекеттік тілде мазмұны не «Құқық докторы дипломы», не «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы дипломы», ал оң жағында – орыс және ағылшын тілдерінде дәл осындай мазмұн жазылады.

Қосымша парақтың сериясы және жеті санды нөмірі болады.

Қосымша парақ бланктері оларға енгізілетін жазбалардың каллиграфиялық жазумен немесе баспа құрылғысының көмегімен жазылатындай мүмкіндікте жасалады.

64. Академия Ереженің 45-тармағына сәйкес ізденушіге философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы тиісті бұйрық шығарады және бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің жеке үлгісіндегі дипломды береді.

9. Докторлық диссертацияны мемлекеттік тіркеуге және кітапханаларға жіберу тәртібі

65 Диссертациялық кеңес дәреже беру туралы шешім қабылдаған диссертацияның қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі данасы Академия кітапханасына беріледі.

66. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа).

67. Ғалым хатшысы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғағаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде мемлекеттік тіркеу үшін ҰМҒТСО-ға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) Академия бланкісінде төраға немесе жетекшілік ететін проректор қол қойған ілеспе хат;

2) осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Диссертацияның есептік карточкасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 2 (екі) данасы;

3) диссертацияның 1 (бір) данасы қағаз және электрондық тасығыштарда брошюраланбаған түрде.

ҰМҒТСО жоғарыда аталған құжаттарды алып, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларға мемлекеттік тіркеу нөмірін береді және күнтізбелік жеті күн ішінде диссертациялық кеңеске мемлекеттік тіркелгенін растайтын хабарлама жібереді.

ҰМҒТСО-ға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

10. Ізденушінің аттестациялық ісін құру

68. Ғылыми хатшы ізденушінің аттестациялық ісін жинақтайды, оның құрамына осы Ереженің 6-қосымшасында көрсетілген құжаттар кіреді.

69. Академияның Диссертациялық кеңесі бойынша барлық құжаттар күнтізбелік 2 (екі) жыл бойы ғылыми хатшының сақтауында болады, одан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес Академияның мұрағатына тапсырылады.

11. Қорытынды ережелер

70. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда және Диссертациялық кеңестің өзге де құжаттары Диссертациялық кеңестің кемінде 2/3 мүшесінің ұсынысы бойынша Диссертациялық кеңестің отырысында енгізіледі және Академия ректоры бұйрығымен бекітіледі.

71. Диссертациялық кеңестің жұмысына жалпы жауаптылық төрағаға жүктеледі.

72. Академияның құрылымдық бөлімшелеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға Диссертациялық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Академияның Диссертациялық кеңесінің атынан жіберілетін құжаттарға төраға қол қояды, ол болмаған жағдайда ғылыми хатшы қол қояды.

73. Академияның Диссертациялық кеңесінің жалпы іс қағаздарын ғылыми хатшы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымында құжаттандыру және құжаттарды басқару ережесіне және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-өкімік актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Жуктеу