Академия басшылығы

ӘБДІРОВ НҰРҒАЛЫМ МӘЖИТҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры

Білімі:

— 1991 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған

— заң ғылымдарының кандидаты, (PhD) философия докторы

Марапаттары:

— ІІ дәрежелі «Даңқ», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендері

— «Ерен еңбегі үшін» медалі

— «Прокуратура органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісі

Мансап:

— Қарағанды қаласы Совет ауданы прокуратурасының тергеушісі

— Қарағанды облысы прокуратурасы Тергеу басқармасының Бөлім прокуроры

— Теміртау қаласы прокурорының орынбасары

— Қарағанды облысы прокуратурасы Тергеу басқармасының Бөлім бастығы

— Шет ауданының прокуроры

— Қарағанды облысы прокуратурасы Мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің Басқарма бастығы

— Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы

— Алматы қаласы прокурорының, Оңтүстік Шығыс өңірлік көлік прокурорының бірінші орынбасары

— Арнайы прокурорлар; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі департаменттерінің бастығы

— Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарының прокуроры

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры (25.09.2025)

Сыныптық шен:

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

 

САПАРАЛИЕВА СӘУЛЕ МАМЫРБЕКҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры

Туған күні: 1977 жылғы 1 желтоқсан

Сыныптық шені: аға әділет кеңесшісі

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

Марапаттар: «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі.

Еңбек өтілі: құқық қорғау органдарында – 32 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық жұмыс: 15 жыл

Мансап:

— Шымкент қаласы ІІБ 2-ші полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлішесінің аға инспекторы; анықтаушы (1996-2000 жылдары);

— Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының адъюнкті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра бастығының орынбасары (2000-2027 жылдары);

— Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің; Ювеналды полиция бөлімінің; Басқарма бастығы (2007-2017 жылдары);

— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты директорының орынбасары; директоры (2017-2026 жылдары).

Кандидаттық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын конституциялық-құқықтық қорғау» (мамандық: 12.00.02: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, муниципалдық құқық).

Ғылыми мүдделер саласы: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, әкімшілік қызмет, қаржы құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғаудың проблемалық мәселелері.

Ғылыми еңбектері: 80-нен астам ғылыми еңбектері бар, оның ішінде оқу құралдары: «Әкімшілік құқық бойынша практикум», «Қаржы құқығы», «Учаскелік полиция инспекторының анықтамалығы», «Құқық қорғау органдарының қызметінде әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері».

Оқытылатын пәндер:

— Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану мәселелері;

— Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері.

 

ӘЛКЕНЕВ РУСЛАН БҮРКІТБАЙҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры

Туған күні: 1977 жылғы 5 мамыр

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (Құқықтану)

Павлодар агроөнеркәсіптік техникумы (БҰХ бойынша Экономист (шаруашылық қызметті есепке алу және талдау)

Мансап:

Еңбек жолын Павлодар облысы Қашыр ауданының Коммунар колхозында бастаған.

1997 жылдан 2022 жылға дейін Павлодар облысының сот және сот актілерін орындау жүйесінде жұмыс істеді.

2002 жылдан 2013 жылға дейін Павлодар облысының прокуратура органдарында түрлі, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2013 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитеті орталық аппаратының бейінді басқармаларының бастығы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларын басқарды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, ал 2024 жылы бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2026 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры лауазымына тағайындалды.

 

МАЙЛЫБАЕВ АЙДОС СЕРІКХАНҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры – институт директоры

1977 жылғы 14 ақпанда туған

Сыныптық шені: 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

Еңбек жолын прокуратура органдарында 2001 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Әр жылдары Алматы облысының Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.

Төрт жылдан астам Ақмола облысының прокуроры, кейін 2024 жылдың 17 мамырынан бастап Маңғыстау облысының прокуроры қызметін атқарды.

2026 жылғы 4 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры — институт директоры болып тағайындалды.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.