Орталық туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясы ректорының
2025 жылғы «___» желтоқсандағы
№____ бұйрығына № қосымша

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл және цифрлық технологияларды енгізу орталығы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл және цифрлық технологияларды енгізу орталығы (бұдан әрі – Орталық, Академия, Бас прокуратура) Академияның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі — Бас Прокурор) ұйымдық-өкімдік актілерін, Академияның Жарғысы мен жұмыс регламентін, Академия ректорының бұйрықтарын, өкімдерін және де осы Ережені басшылыққа алады.
3. Орталықтың құрылымы мен штаттық санын Академия ректорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бас Прокуроры бекітеді.
4. Орталық мынадай құрылымнан тұрады:
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы;
Қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша даярлау кафедрасы;
Кибертехнология және жасанды интеллект кафедрасы;
Сараптамалық-талдау орталығы.

2. Орталықтың мақсаты, құқықтары мен міндеттері

5. Орталықтың мақсаты:
— Академияның халықаралық қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және сүйемелдеу, оның ішінде ғылыми және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша шет мемлекеттердің ғылыми-білім беру және өзге де мекемелері мен орталықтарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, халықаралық ұйымдармен және консулдық мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
— Орталықтың қызмет бағыттары бойынша халықаралық, өңірлік және ұлттық ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
— ТМД ға қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарының прокурорлық-тергеу (Бас прокурорлар Үйлестіру кеңесі шеңберінде), салық (қаржылық) тергеу органдарының қызметкерлерінің (Салықтық (қаржылық) тергеу органдары үйлестiру кеңесi шеңберінде) біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі базалық ұйымдар мәртебесінде Академияның қызметін жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ базалық ұйым мәртебесінде және Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб ретінде өзге де халықаралық ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізу бойынша;
— Академияның қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы, оның ішінде цифрландырумен, киберкеңістікпен және жаңа технологияларды қолданумен байланысты бағыттар бойынша қызметін үйлестіру және дамыту;
— қазіргі заманғы сын-қатерлер, киберқылмыс, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект тақырыптары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, әдістемелік қамтамасыз етуді және іске асыруды үйлестіру;
— қазіргі заманғы сын-қатерлерге, цифрлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, сараптамалық және талдамалық жұмысты үйлестіру;
— білім беру процесіне цифрлық және симуляциялық технологияларды енгізу, тиісті инфрақұрылымды дамыту;
— Орталық қызметінің бағыттары бойынша Бас прокуратура мен Академияның бастамаларын ақпараттық-талдамалық және сараптамалық сүйемелдеу;
— құқық қорғау қызметі саласындағы прокуратура органдарының жобалық жұмысын үйлестіру және бақылау;
— прокуратура органдарының жобаларын ілгерілету үшін ғылыми-әдістемелік және сараптамалық-талдамалық ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
— прокуратура органдарының әдістемелік ұсынымдарын және пилоттық жобаларын рецензиялау қағидаларына сәйкес прокуратура органдарының жобаларын рецензиялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
— Академияның халықаралық имиджін қалыптастыруды және ілгерілетуді қамтамасыз ету.
6. Орталық қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
Заңнамаға және Бас Прокурор мен Академия ректорының ұйымдастырушылық-өкімдік актілеріне сәйкес Орталық қызметкерлері:
құқылы:

Бас прокуратура басшылығының, ректорының, Академияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтетін кеңестерге, сондай-ақ Орталық қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда ұйымдастырылатын және өткізілетін кеңестерге қатысуға;
Орталыққа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды Академияның құрылымдық бөлімшелерінен белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
Орталық қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен мекемелерден ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
Орталық құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, мекемелермен және ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге, Академияның, Орталықтың және басқа да прокуратура органдары мен мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
ғылыми-практикалық және өзге де білім беру іс-шараларына, оның ішінде халықаралық іс-шараларға қатысу;
ғылыми, талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындауды және жариялауды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында, Бас Прокурор мен Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
міндетті:
қолданыстағы заңнамаға және осы Ережеге сәйкес Орталыққа жүктелген міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындауға;
берілген өкілеттіктер шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметті жүзеге асыруға;
Орталыққа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау кезінде заңнама талаптарын, Бас Прокурор мен Академия ректорының актілерін мүлтіксіз сақтауға;
Академияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Бас Прокурордың, Академия ректорының құқықтық актілерімен, Орталықтың міндеттері мен функцияларына қатысты Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілерімен танысуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіби қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде қарауға;
Орталықтың қызметіне қатысты құқықтық актілерді, оның ішінде білім беру процесін жетілдіру мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеуге және өзектендіруге;
бекітілген мәселелер бойынша жобаларды қарау және құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу кезінде жұмыс топтарына, ведомствоаралық кеңестерге қатысуға;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
8. Орталықтың функциялары:
1) Академияның халықаралық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
2) білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қоюды әзірлеу және ұйымдастыру, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігіне мониторинг пен талдау жасау;
3) Академияның Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шет мемлекеттердің өкілдіктерімен және Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консульдық мекемелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
4) Академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін шет мемлекеттердің мекемелерімен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру барысында үйлестіру;
5) құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін, оның ішінде шетелде ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері бойынша шетелдік мекемелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
6) Академияның құрылымдық бөлімшелеріне шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ғылыми және білім беру іс шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу;
7) прокуратура органдары қызметкерлерінің ғылыми және білім беру қызметі саласындағы қызметтік іссапарларға шетелге шығуын үйлестіру және ұйымдастыру;
8) Академия қызметкерлерінің шетелдік іссапарларының тиімділігі мен нәтижелілігіне пост-мониторингті, талдауды жүзеге асыру;
9) Академия білім алушыларының шетелдік тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға көмек көрсету;
10) құқық қорғау органдарымен, өзге де ұйымдарымен және Академияның институттарымен өзара іс қимыл шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерін, салықтық (қаржылық) тергеу органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қажеттіліктерді зерделеу және айқындау;
11) Академияның ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерін, салықтық (қаржылық) тергеу органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйым ретіндегі ғылыми-білім беру қызметін қамтамасыз ету, оның ішінде Академияның тиісті институттарының қатысуын үйлестіру арқылы жүзеге асыру;
12) тиісті қаржыландыру болған жағдайда жасалған меморандумдар (келісімдер) шеңберінде шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
13) қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Академияның білім беру және ғылыми қызметін әдістемелік, сараптамалық және үйлестіру сүйемелдеуі;
14) Академия институттарымен бірлесіп ТМД ға қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерінің, салықтық (қаржылық) тергеу органдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың оқу және арнайы білім беру бағдарламаларын және өзге де халықаралық білім беру іс-шараларын әзірлеу және іске асыру;
15) қазіргі заманғы сын-қатерлерге, киберқылмысқа, цифрлық және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл, құқық қорғау қызметінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалану жөніндегі оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде Академия институттарымен өзара іс-қимылда қалыптастыру және іске асыру;
16) қазіргі заманғы сын-қатерлер мен цифрлық қатерлер мәселелері бойынша, оның ішінде Академияның құрылымдық бөлімшелерін тиісті ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыруға тарта отырып, Академияның ғылыми-зерттеу күн тәртібін бастамалау, қалыптастыру және үйлестіру;
17) Орталық қызметінің бағыттары бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша (шолулар, баяндамалар, ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау), оның ішінде Академияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп ғылыми зерттеулер, талдау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
18) Орталық қызметінің бағыттары бойынша оқу әдістемелік және талдамалық материалдарды, оның ішінде Академияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп дайындау және басып шығару, сондай-ақ оларды Академияның білім беру қызметінде пайдалануды қамтамасыз ету;
19) Орталықтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша, оның ішінде қазіргі заманғы сын-қатерлер мен цифрлық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметін цифрландыру мәселелері бойынша Академия мен Бас прокуратураның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, соның ішінде осы үдерістерді ғылыми-зерттеу және талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
20) Академияның цифрлық оқу және ғылыми инфрақұрылымын дамыту, сүйемелдеу, сондай-ақ оны Академияның құрылымдық бөлімшелерінің пайдалануын әдістемелік қамтамасыз ету;
21) Орталық қызметінің бағыттары бойынша халықаралық, өңірлік және Ұлттық ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
22) Академия қызметкерлерінің қазіргі заманғы сын-қатерлер мен цифрлық қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы білім беру және ғылыми-сараптамалық іс-шараларға қатысуын үйлестіру;
23) ғылыми зерттеу және білім беру жобаларын, оның ішінде халықаралық және шетелдік ұйымдардың қатысуымен дайындау және іске асыру;
24) прокуратура органдарының жобаларын әдістемелік, сараптамалық және үйлестірушілік сүйемелдеу;
25) құқық қорғау қызметі саласындағы жобаларды басқарудың әдіснамалық тәсілдері мен стандарттарын әзірлеу;
26) жобалау міндеттерін орындау кезінде прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру;
27) әдістемелік материалдарды сертификаттау және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
28) жобалық басқарудың белгіленген әдіснамалық талаптары мен стандарттарының сақталуын мониторингтеу;
29) жобалық мақсаттарға және тиімділіктің негізгі индикаторларына қол жеткізудің пост-мониторингі;
— басқалар:
30) Орталықтың құзыреті шеңберінде ақылы қызмет түрлерін жылжытуды ұйымдастыру, жүзеге асыру;
31) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, Бас Прокурордың және Академия ректорының құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Орталықтың қызметін ұйымдастыру

8. Орталық заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Бас Прокурордың және Академия ректорының бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
9. Орталықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын проректор-директор басқарады.
10. Проректор-директорының болмаған кезеңде оны алмастыратын директордың орынбасары – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы болады.
11. Орталықтың қызметі оның құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы негізінде, өкілеттіктерді функционалдық тұрғыдан айқындауды, іс-қимылдарды үйлестіруді және бөлімше басшыларының жеке жауапкершілігін ескере отырып жүзеге асырылады.
12. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері өз құзыреті шегінде жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, ал қызметтің бірнеше бағытын қамтитын мәселелер Орталық басшылығының үйлестіруімен іске асырылады.
13. Міндеттердің кешенді әрі үйлестірілген түрде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Орталық Академияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен бекітілген жұмыс жоспарлары, Академия басшылығының тапсырмалары, бірлескен іс-шаралар мен жұмыс топтары, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық алмасу шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды.
14. Проректор директор:
1) Орталықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Орталыққа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
2) Академия ректорына Орталықтың құрылымы мен штат саны, сондай-ақ Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арасында функцияларды бөлу жөнінде ұсыныстар ұсынады;
3) директордың орынбасары – Халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының, кафедра меңгерушілерінің және сараптамалық талдау орталығы басшысының өкілеттіктерін айқындайды, олардың арасындағы міндеттерді бөлу туралы актілерді бекітеді;
4) Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, Орталықтың Бас прокуратурамен, оның ведомстволарымен және мекемелерімен, Академияның құрылымдық бөлімшелерімен және институттарымен, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралармен, орталық мемлекеттік органдармен, шет мемлекеттердің мекемелерімен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Академия ректорының бұйрықтарының, нұсқауларының, өкімдерінің, тапсырмаларының, сондай-ақ Бас прокуратура мен академияның алқалы органдарының шешімдерінің, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ректоры жанындағы аппараттық және жедел кеңестердің Орталық құзыретіне жататын мәселелер бойынша орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
6) Орталық жұмысының мәселелері бойынша мәжілістер өткізеді, келіп түскен құжаттар мен өтініштерді Орталық қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;
7) Орталық қызметкерлерін аттестаттау үшін тиісті құжаттарды дайындауды ұйымдастырады;
8) Орталықта кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, бағынысты қызметкерлерге тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
9) Орталық қызметкерлеріне сыныптық шен беру, сыныптық біліктілік беру, көтермелеу немесе тәртіптік шараларды қолдану туралы Академия ректорына ұсыныстар енгізеді;
10) Орталық қызметкерлерінің атқарушылық, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, олардың сақталуына дербес жауапты болады;
11) Орталықтың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
12) берілген өкілеттіктер шегінде Орталықтың атынан қызметтік құжаттарға қол қояды, Орталықтың қызметі мәселелері бойынша бұйрықтар мен өзге де актілердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
13) Орталықты Академияның алқалы органдарында, сондай-ақ Орталықтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бас прокуратура және өзге де мемлекеттік органдар құратын жұмыс және сараптама топтарында ұсынады;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Академия ректорының бұйрықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. Проректор-директор болмаған кезеңде Орталықтың қызметіне жалпы басшылық жасау және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік Орталық директорының орынбасары – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығына жүктеледі.
16. Орталық директорының орынбасары – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы:
1) өз өкілеттігі шегінде Орталықтың, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) проректор-директорға кадрларды іріктеу, Орталық қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу, сыныптық шен беру, көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) Орталық қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
4) басқарылатын бөлімшенің қызметіне, қызметкерлердің атқарушылық, қызметтік және еңбек тәртіптерін сақтауына басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады;
5) жетекшілік ететін бағыттар мәселелері бойынша мәжілістер өткізеді, келіп түскен материалдар мен өтініштерді Орталық қызметкерлері арасында бөледі, оларға функционалдық міндеттеріне сәйкес тапсырмалар береді;
6) басқарылатын бөлімшенің жұмысын ұйымдастырады және оның жұмысын жоспарлайды, сеніп тапсырылған бөлімше қызметкерлерінің қызметтік (функционалдық) міндеттерін тиісінше орындауына жауапты болады;
7) басқарылатын бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайды;
8) бағынысты қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
9) Академияның алқалы органдарының жұмысына қатысады;
10) құзыреті шегінде проректор-директорының атына қызметтік құжаттамаға қол қояды;
11) проректор-директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Орталық құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Академия басшылығына жолданатын құжаттарға проректор-директор, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Орталық атынан Академияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне Орталықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға проректор-директоры немесе директордың орынбасары қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам.
18. Орталық Академия ректорына, проректор-директорына тікелей бағынады, Академияның басқа құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларынан ұйымдастырушылық және функционалдық тұрғыдан тәуелсіз болып табылады.
19. Орталықта жалпы іс жүргізу Прокуратураның органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымында құжаттандыру және құжаттарды басқару ережесіне және құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.