Қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл және цифрлық технологияларды енгізу орталығы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің цифрлық трансформация жағдайында және жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуына байланысты құзыреттерін дамытуға бағытталған құқық қорғау органдары Академиясының ғылыми-білім беру, сараптамалық-талдамалық және үйлестіруші қызметін жүзеге асырады. Орталық киберқылмыс, цифрлық технологиялар және құқық қорғау қызметінде жасанды интеллектті қолдану саласында білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен жобаларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді.
Орталықтың қызметі Академияның бекітілетін жұмыс жоспарлары, білім беру бағдарламалары және ғылыми-зерттеу күн тәртібі негізінде жүзеге асырылады. Өз құзыреті шеңберінде Орталық халықаралық, өңірлік және ұлттық ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді, сондай-ақ прокуратура органдары жобаларын әдістемелік және талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Орталықтың білім беру және ғылыми жұмысы кадрларды даярлауға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып құрылады және қызмет бағыттары мен тыңдаушылардың мақсатты топтары бойынша сараланады. Осы мақсатта оқу бағдарламаларын, ғылыми-әдістемелік материалдарды және оқытудың тәжірибеге бағытталған сипатын қамтамасыз ететін, кәсіби даярлықтың тиімділігін арттыратын цифрлық білім беру шешімдерін әзірлеудің бірыңғай тәсілдері енгізіледі.
Орталық мынадай құрылымнан тұрады:
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы;
Қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша даярлау кафедрасы;
Кибертехнология және жасанды интеллект кафедрасы;
Сараптамалық-талдау орталығы.