Әні мен сөзін жазған: Ысқақ Әкім Әбдіқайымұлы
Аранжировка жасаған: Сарсенбаев Азамат Серікұлы
Аяулы Қазақ Елім – қара орманым,
Құқық қорғау – міндетім, ақ арманым
Алғашқы кәсіптікке даярлайтын,
Академия – сенімді қадамдарым.
Қайырмасы:
Білімімді жалғау үшін,
Әділетті қорғау үшін,
Тек заңдылық орнау үшін,
Кәсібімді арттырамын,
Академия – ар-намысым!
Академия – ар-намысым!
Кеудеме білім, ғылым жалын құйып,
Зерттеу мен үйлестіру бәрін жиып,
Құқық қорғау қызметтерін жетілдірер,
Академиям – жалауым, арың биік!
Қайырмасы:
Білімімді жалғау үшін,
Әділетті қорғау үшін,
Тек заңдылық орнау үшін,
Кәсібімді арттырамын,
Академия – ар-намысым!
Академия – ар-намысым!
Академия – білім орда, қасиеттім,
Тыңдаушыға арналған өсиет мың
Шыңдалған мамандарды мақтан етем
Академия өзіңсің бас иетін!
Қайырмасы:
Білімімді жалғау үшін,
Әділетті қорғау үшін,
Тек заңдылық орнау үшін,
Кәсібімді арттырамын,
Білімімді жалғау үшін,
Әділетті қорғау үшін,
Тек заңдылық орнау үшін,
Кәсібімді арттырамын,
Академия – ар-намысым!
Академия – ар-намысым!