Институтта бұрын қызмет атқарған профессорлық-оқытушылық құрам

ОНГАРОВА РОЗА КЕНЕСОВНА

Институт директорының орынбасары-басқарма бастығы

Сынып дәрежесі: аға әділет кеңесшісі

Академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі

Еңбек өтілі: құқық қорғау органдарында 30 жылдан астам

Ғылыми қызығушылықтар саласы: құқық қорғау органдарын кадрлық қамтамасыз ету

Қызмет бағыты: білім беру қызметін нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ магистранттар мен докторанттармен жұмысты ұйымдастыру

 

АЙТПАЕВА САУЛЕ МУХАНБЕДИАНОВНА

(2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Академияның Кәсіптік оқыту институтына ауыстырылды)

Профессор

Сынып дәрежесі: 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

Ғылыми қызығушылықтар саласы: Құқық қорғау қызметіндегі ұйымдастырушылық қызмет; діни-саяси экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері.

Марапаттар: ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медаль, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төс белгісі.

Магистратурада және докторантурада оқытылатын пәндер:

  • Құқық қорғау қызметінде ұйымдастырушылық қызмет;
  • Құқық қорғау органдарында заң хатының әдістемесі;
  • Діни-саяси экстремизмге қарсы іс-қимылдың проблемалары.

 

ТУЛЕУОВА МУЛДИР ЕРЛАНОВНА

(2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтына ауыстырылды)

Аға оқытушы

Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі.

Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі: 10 жыл

Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Алдын ала тергеу сатысында қорғаушының қатысуы, қылмыстық процеске қатысушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің құралы: проблемалы аспектілері»

Ғылыми қызығушылықтар саласы: Қылмыстық-процестік құқық.

Ғылыми еңбектері: 50-дан астам жарияланған жұмыстары бар.

Магистратурада оқытылатын пәндер:

  • Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органдарының теориясы мен практикасындағы жасырын тергеу әрекеттері;
  • Қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын құқықтық реттеу және құқық қолдану практикасының проблемалары;
  • Қылмыстық сот өндірісінде қылмыстық процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану практикасы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы.

 

СУЛЕЙМЕНОВ НАРИМАН АБДЫЛХАМИТОВИЧ

Аға оқытушы

(2026 жылдың 10 ақпаннан бастап Академияның зейнеткері)

Сыныптық шені: әділет кеңесшісі

Білімі: «Фемида» заң академиясы, мемлекеттік басқару магистрі (РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы, Мәскеу қ.). Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясі.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Доктор PHD

Көрсетілген саладағы жұмыс тәжірибесі: Прокуратура органдарында 18 жыл, оның ішінде 10 жыл қоғамдық мүдделерді қорғау саласында қадағалауды жүзеге асырды

Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 1,9 жылдың

Оқытатын пәндері: «Инвестицияларды қолдау және прокурорлармен маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу саласындағы заңдылықты прокурорлық қадағалау негіздері».

Жетістіктер:
2, 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальмен, Астана қаласы прокурорының Алғыс хатымен марапатталған;

Ғылыми еңбектері мен жарияланымдары: 7 ғылыми мақала дайындап, жариялады (оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда және рецензияланатын Scopus әдебиетінің рефераттық дерекқорында).

Оқу-әдістемелік қызмет
«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заң терминдерінің сөздігін» 3 тілде (мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде) дайындап шығарды. «06.04.2021 ж. №16382 авторлық құқықпен қорғалатын құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген куәлік алынды.

 

ТАЛКИБАЕВ АСКАР БУЛАТОВИЧ

Аға оқытушы

Сынып дәрежесі: әділет кеңесшісі

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі

Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі: 7 жыл

Магистрлік диссертация тақырыбы: «Совершенствование правоприменительной практики при выявлении и расследовании преступлений в сфере интеллектуальной собственности в Республике Казахстан»

Ғылыми қызығушылықтар саласы: зияткерлік меншікті құқықтық қорғау, қылмыстық процесс.

Ғылыми еңбектері: 10-нан астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде, «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында шығарылатын іс жүргізу құжаттарының үлгілері» (1-том) және «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында шығарылатын іс жүргізу құжаттарын ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың» (2-том) әдістемелік құралдары.

Магистратура мен докторантурада оқытылатын пәндер:

— Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының заманауи проблемалары;

— Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы;

— Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқық қолдану практикасының проблемалары;

— Процессуалдық қызметте медиацияны және сот төрелігін қалпына келтірудің басқа бағдарламаларын қолдану;

— Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын құқық қорғау органдарының қызметінде қолданудың проблемалық аспектілері;

— Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану проблемалары.