Ақылы білім беру қызметтері
Жарғыға сәйкес Академия Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ақылы білім беру қызметтерін көрсетеді. Көрсетілетін қызметтердің тізбесі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тиісті актісімен бекітілген (2018 жылғы 10 ақпандағы № 135 бұйрық).
Академия келесі тұлғалар үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларын, мамандандырылған курстарды және тәжірибеге бағытталған тренингтерді іске асырады:
- құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлері;
- квазимемлекеттік сектор өкілдері;
- мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметкерлері;
- білім беру ұйымдарының қызметкерлері;
- өзге де мүдделі тұлғалар.
Оқытудың негізгі бағыттары
Академия келесі өзекті бағыттар бойынша оқыту жүргізеді:
- «Комплаенс-офицерлер қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа және қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері»;
- «Кәсіпкерлік қызметті қорғау және бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы»;
- «Құқық қорғау органдарына қызметке кандидаттарға арналған дайындық курстары»;
- «Ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздікке кіріспе»;
- «Цифрландыру жағдайында дербес деректерді қорғау»;
- «Активтерді қайтару және қаржылық тергеп-тексеру институты»;
- «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау»;
- «Қақтығыстарды басқару»;
- «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»;
- «Заманауи педагогикалық технологиялар».
Жеке оқыту бағдарламалары
Білім беру бағдарламаларының тізбесі толық болып табылмайды. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің сұрауы бойынша Академия құқықтық, басқарушылық және білім беру сипатындағы өзге бағыттар бойынша мамандандырылған біліктілікті арттыру бағдарламалары мен тренингтерді әзірлеп, іске асыра алады.
Академияда оқудың артықшылықтары
- білім беру бағдарламаларының практикалық бағыттылығы;
- тәжірибелі мамандар мен практиктердің қатысуымен оқыту;
- қолданыстағы заңнаманы және қазіргі құқық қолдану практикасын ескере отырып қарастырылатын мәселелердің өзектілігі;
- корпоративтік және жеке оқыту мүмкіндігі.
Байланыс ақпараты
Оқытуды ұйымдастыру және ақылы білім беру қызметтерін көрсету мәселелері бойынша хабарласу: Тел.: 8 778 911 22 77