Академиялық саясат

«БЕКІТЕМІН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы
ректорының м.а.
__________________ К. Сейтенов
2022 жылғы « » _______________

 

АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ

 

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Академияға қабылдау тәртібі

3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі және мазмұны

4. Кредитттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру

5. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және бақылау

6. Академияға білім алушыларды шығару, ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі

7. Білім беру процесінің транспарентілігі

8. Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары және міндеттері

 

1. Кіріспе

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 (бұдан әрі – Жарлық) Жарлығымен құрылды, ерекше мәртебеге ие.
2. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Академия Академияның магистратурасы мен докторантурасында кадрларды даярлаудың екі бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады: 7М042 – «Құқық», 8D042 – «Құқық» және 7М123 – «Қоғамдық қауіпсіздік», 8D123 – «Қоғамдық қауіпсіздік».
Академия білім беру қызметін 2015 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен берілген №K234LAA00005603 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады. Лицензияға қосымша 2019 жылғы 19 наурызда қайта ресімделді.
3. Академиялық саясат Қазақстан Республикаы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 594 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларының 21 және 22-тармақтарына сәйкес әзірленді, ол Академияның магистратурасы және докторантурасында білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін білдіреді.
4. Академиялық саясат:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына;
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысы;
Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС);
Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Біліктілік талаптары);
1) ҚР Бас Прокурорының:
2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
2016 жылғы 31 наурыздағы № 57 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
2016 жылғы 31 наурыздағы № 59 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы»;
2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы»;
2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы»;
2018 жылғы 16 қарашадағы №133 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы»;
2021 жылғы 3 шілдедегі №101 «Академияда қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтары;
Академия ректорының:
2019 жылғы 11 наурыздағы № 19 «Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесінің нормалары туралы»;
2019 жылғы 12 маусымдағы № 43 «Ғылыми-білім беру қызметінің сапасын ішкі қамтамасыз ету саласындағы саясатты бекіту туралы»;
2020 жылғы 15 қаңтардағы № 6 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратура білім алушыларының магистрлік диссертацияны (жобаны) дайындау, ресімдеу және қорғауды ұйымдастыру регламентін бекіту туралы»;
2021 жылғы 12 мамырдағы № 34 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасында білім беру қызметін ұйымдастыру регламентін бекіту туралы» бұйрықтарының негізінде іске асырылады.
5. Академиялық саясатта келесі терминдер және анықтамалар қолданылады:
1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;
2) ӘАОО-дағы біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;
3) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – тиісті лауазымда құқық қорғау органдары жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар;
4) ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы негізінде ӘАОО дербес әзірлейтін оқу құжаты;
5) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
6) докторант – докторантурада білім алатын адам;
7) докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 академиялық кредитті міндетті меңгеру арқылы тиісті бағыт бойынша философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
8) докторлық диссертация – докторанттың теориялық ережелер әзірленген, жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде саралауға болатын немесе ғылыми проблема шешілген не ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер жазылған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы;
9) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;
10) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
11) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;
12) магистр – магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;
13) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
14) магистратура – кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгеру арқылы тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;
15) магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;
16) магистрлік жоба – бейінді магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасының өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және(немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бітіру жұмысы;
17) міндетті компонент – МЖБС-да белгіленген және білім алушылардың оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
18) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы негізінде дербес әзірлейтін оқу құжаты;
19) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
20) диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (research proposal (ресоч пропозал)) – докторант дайындаған және бірінші немесе екінші оқу жылы ішінде ЖЖОКБҰ бекіткен, зерттеудің мақсаты, міндеттері мен әдіснамасын, әдебиеттерге шолу жасауды және зерттеудің күтілетін нәтижелерін қамтитын құжат.

2. Академияның магистратурасы мен докторантурасына қабылдау тәртібі

6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына сәйкес Академияның магистратурасы мен докторантурасында құқық қорғау органдарының: прокуратура, ішкі істер органдарының, қаржы мониторингі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің қызметкерлері білім алады.
7. Академияға қабылдау тәртібі «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конститтуциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Академияға оқуға қабылдау қағидаларымен (бұдан әрі — Қабылдау қағидалары) регламенттелген.
8. Магистратурада және докторантурада кадрларды даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілетін қабылдау жоспары бойынша жүзеге асырылады.

3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі және мазмұны

9. Білім беру бағдарламасы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасында білім беру қызметін ұйымдастыру регламентін бекіту туралы» Академия ректорының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 34 бұйрығымен (бұдан әрі – Ректордың № 34 бұйрығы) айқындалған тәртіппен әзірленеді.
Білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – ББ) МЖБС талаптарына сәйкес, сондай-ақ білім алушылар мен құқық қорғау органдарының ұсынымдары ескеріле отырып, құқық қолдану практикасының ғылыми негізділігі мен өзектілігіне қарай әзірленеді.
10. Магистратура
10.1. Магистратурада білім берудің мазмұны
МЖБС талаптарына сәйкес магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны мыналардан тұрады:
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқу;
2) магистранттарды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;
3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы;
4) қорытынды аттестаттау.
Базалық (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер (БейінП) циклдері жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖООК) пәндерін қамтиды.
Жоғары оқу орны компоненті пәндерінің тізбесін Академия дербес айқындайды.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің кемінде 16%-ын құрайды.
Бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) құрайды.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 46%-ды құрайды.
Бейінді бағыттағы магистратурада магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен бейіндеуші пәндер циклінің көлемі кемінде 47% (оқу мерзімі 1 жыл) құрайды.
Пәндер мен модульдердің бағдарламалары, әдеттегідей, бірқатар білім салалары үшін кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және мультипәндік сипатқа ие.
Академияда ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратуралар жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тереңдетілген кәсіптік немесе ғылыми-педагогикалық даярлығы бар басқарушылық, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асырады
Тиісті бағыттар бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы 2 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
10.2. Магистранттарға ғылыми басшылық
Магистрант оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде Академия ректорының бұйрығымен Ғылыми кеңестің шешімі негізінде магистрлік диссертацияның (жобаның) тақырыбы бекітіледі және ғылыми жетекші тағайындалады.
Магистранттың ғылыми жетекшісі Біліктілік талаптарына сәйкес тағайындалады.
10.3. Кәсіптік практика
Магистрлік бағдарламаның міндетті компоненті мыналар болып табылады:
1) магистранттарды практикалардың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдамалардың түрлерін қамтитын практикалық даярлау;
2) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы.
Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды:
1) БП циклінде педагогикалық;
2) зерттеу – ҒЗЖ шеңберінде.
Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы құрайды, ол МЭЗЖ шеңберінде кәсіптік практика түрінде өткізіледі.
Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен айқындалады.
Магистранттардың кәсіптік практикасы Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларына және Ректордың № 34 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.
Кәсіптік практиканың жалпы көлемі білім беру бағдарламасының мазмұнымен айқындалады. Практиканың өткізу мерзімі жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес есептеледі. Кәсіптік практиканың екі түрін теориялық кезеңмен қатар жүргізуге рұқсат етіледі.
Практикаға жолдау Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді, онда практика базасы, практика базасынан және Академиядан практика жетекшілері көрсетіледі.
Білім алушының кәсіптік практика және тағылымдама нәтижелері туралы есебін тыңдау Академия ректорының № 34 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Практика бойынша баға практика жетекшісінің бағасын және есепті қорғау қорытындылары бойынша комиссияның бағасын ескере отырып қойылады.
Кәсіптік практика бағдарламасының, кәсіптік практиканың жеке жоспарының талаптарын орындамаған, практика базасынан теріс пікір және/немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар теориялық оқытумен қатар келесі академиялық кезеңде немесе жазғы (қосымша) семестр кезеңінде кәсіптік практикаға қайта жіберіледі.
10.4. Магистранттың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмысы
Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ)) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті саладағы немесе қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады.
МҒЗЖ (МЭЗЖ) оқу жұмысының басқа түрлерімен қатар немесе жеке кезеңде жоспарланады.
Академияда ғылыми тағылымдама МҒЗЖ шеңберінде жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін оларды жүргізген әрбір кезеңнің соңында магистрант есеп түрінде ресімдейді.
Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар және бейінді магистратурадағы магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар МЖБС анықталады және сәйкес болуы қажет.
Магистранттардың ҒЗЖ (ЭЗЖ) өтуі жұмыс оқу жоспарлары және академиялық күнтізбемен айқындалады.
Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (жоба) болып табылады.
Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.
Академия магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауына көмек көрсетеді.
10.5. Магистрантты академиялық атестаттау
МЖБС талаптарына сәйкес жыл сайын оқу жылының соңында (бітіру курсын қоспағанда) магистранттар жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – МЖЖЖ) орындау үшін академиялық аттестаттаудан өтеді.
МЖЖЖ орындау бойынша білім алушылардың есептерін тыңдауды Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры бекіткен, білім алушылар бекітілген кафедра меңгерушілері (бұдан әрі – жауапты кафедра) және оның оқытушылары, сондай-ақ Академияның басқа қызметкерлері санынан тұратын комиссия жүргізеді.
Оқу жылының соңында академиялық аттестаттаудан өткен, сондай-ақ аралық аттестаттау қорытындысы бойынша ауысу балын жинаған білім алушы Академия ректорының бұйрығымен курстан курсқа ауыстырылады.
10.6. Магистранттың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
Оқу жүктемесі магистранттың оқу пәндерін, модулін немесе барлық білім беру бағдарламасын зерделеуі үшін талап етілетін және білім беру бағдарламасында белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуі үшін қажетті уақытпен өлшенеді.
Оқу жүктемесі магистранттың барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, топтық сабақ, топтық жаттығулар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, практика, ғылыми немесе кәсіптік тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), магистрлік диссертацияны (жобаны), өзіндік жұмысты, оның ішінде оқытушының жеткшілігімен орындау. Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады.
Магистранттың оқу жүктемесін анықтауда оқу жылы нысанын Академия дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады.
Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте білім алушы бір семестр ішінде кемінде 30 академиялық кредитті меңгереді.
Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.
Магистратура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың:
1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті;
2) бейінді магистратурада үшін 1 жыл оқу мерзімімен 60 кредиттен кем емес игеруі болып табылады.
10.7. Магистранттардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
Магистрантты даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің екінші деңгейдегі (магистратура) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелеріндегі меңгерілген құзыреттерді көрсетеді.
Оқыту нәтижелері барлық магистратураның білім беру бағдарламасының деңгейіндегі сияқты жекелеген модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де тұжырымдалады.
Дескрипторлар білім алушының:
1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;
2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;
3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;
4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпаратты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;
5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді.
Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «магистр» дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.
10.8. Магистратурада оқу мерзіміне қойылатын талаптар
Магистратурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Магистр дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілген оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда, білім беру бағдарламасы толық игерілген болып есептеледі.
Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
11. Докторантура
11.1. Докторантура білім беру бағдарламаларының мазмұны
Теориялық оқыту докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 45 академиялық кредитті құрайды және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұратын базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер (БейінП) циклдерінен тұрады.
Академия жоғары оқу орны пәндерінің тізбесін дербес анықтайды.
Пәндер мен модульдер бағдарламалары, әдетте, білімнің бірқатар бағыттарының түйісуінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатқа ие.
PhD докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады, бейінді докторантурада, магистратура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнаулы білім беру базасында жүзеге асырылады. Бұл ретте «кіруде» докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратураның бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі формалды білім берудің оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады.
Бейінді бағыттағы магистр PhD докторантураға түскен жағдайда, пререквизиттер ретінде ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейінінің білім беру бағдарламасы қосымша белгіленеді.
Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми сала үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.
Бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы ғылымның тиісті бағыттары бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.
Тиісті бағыттар бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы МЖБС-тің 8 және 11-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
11.2. Докторанттардың кәсіптік практикасы
Докторантураның білім беру бағдарламалары кәсіптік даярлық бөлігінде МЖБС талаптарына сәйкес әзірленеді.
Докторантураның білім беру бағдарламасы:
1) филоофия доктоы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – педагогикалық және зерттеу практикасын;
2) бейінді докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – өндірістік практиканы қамтиды.
Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар қажет болған жағдайда магистратурада сабақ өткізуге тартылады.
Докторанттардың кәсіптік практикасы Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.
Кәсіптік практиканың жалпы көлемі білім беру бағдарламасының мазмұнымен айқындалады. Практиканың көлемі мен еңбек сыйымдылығы МЖБС талаптарына сәйкес есептеледі.
Практика мерзімі оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес келеді. Практикаға жолдау Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді, онда практика базасы, практика базасынан және Академиядан практика жетекшілері көрсетіледі.
Практика бойынша баға практика жетекшісінің бағасын және есепті қорғау қорытындылары бойынша комиссияның бағасын ескере отырып қойылады. Кәсіптік практика бағдарламасының, кәсіптік практиканың жеке жоспарының талаптарын орындамаған, практика базасынан теріс пікір және/немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар теориялық оқытумен қатар келесі академиялық кезеңде немесе жазғы (қосымша) семестр кезеңінде кәсіптік практикаға қайта жіберіледі.
11.3. Докторанттың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмысы
Докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми құрамдасы докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДҒЗЖ) немесе эксперименттік-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДЭЗЖ), ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылады.
Докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 123 академиялық кредитті құрайды.
ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) шеңберінде докторанттың жеке жоспарында инновациялық технологиялармен және жаңа өндіріс түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардағы немесе қызмет салаларында, оның ішінде шетелде міндетті ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.
Шетелдік тағылымдамадан өту мерзімін Академия МЖБС талаптарына сәйкес дербес анықтайды.
Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ДҒЗЖ және бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының ДЭЗЖ қойылатын талаптар МЖБС белгіленген.
Докторлық диссертация ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) кезеңінде жүргізіледі.
ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) қорытынды нәтижесі докторлық диссертация болып табылады.
11.4. Докторанттарға ғылыми басшылық
Докторантураға оқуға түскеннен кейін екі ай ішінде докторлық диссертацияны жүргізу үшін докторантқа Біліктілік талаптарына сәйкес ғылыми жетекші тағайындалады.
Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Академия ректорының бұйрығымен ғылыми жетекші бекітіледі.
Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді кемінде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың бірі шетелдік ЖОО ғалымы болады (8D042 – Құқық кадрлар даярлау бағыты бойынша).
Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияның орындалуына және академиялық адалдық принциптерінің сақталуына және диссертациялық жұмыстың қорғауға уақытылы ұсынылуын қамтамсыз етеді.
Докторлық диссертацияның тақырыбы бірінші семестрде анықталып, Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.
Диссертациялық зерттеудің мазмұны ұлттық басымдықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
Докторанттың ғылыми зерттеуінің негізгі нәтижелері ғылыми, ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына сәйкес жарияланады.
11.5. Докторантты академиялық аттестаттау
МЖБС талаптарына сәйкес жыл сайын оқу жылының соңында (бітіру курсын қоспағанда) докторанттар жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – ДЖЖЖ) орындау үшін академиялық аттестаттаудан өтеді.
ДЖЖЖ орындау бойынша білім алушылардың есептерін тыңдауды Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры бекіткен, білім алушылар бекітілген кафедра меңгерушілері (бұдан әрі – жауапты кафедра) және оның оқытушылары, сондай-ақ Академияның басқа қызметкерлері санынан тұратын комиссия жүргізеді.
Оқу жылының соңында академиялық аттестаттаудан өткен, сондай-ақ аралық аттестаттау қорытындысы бойынша ауысу балын жинаған білім алушы Академия ректорының бұйрығымен курстан курсқа ауыстырылады.
11.6 Докторанттың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне қойылатын талаптар
Оқу жүктемесі докторантқа оқу пәнін, модульді, барлық білім беру бағдарламасын зерттеуге және докторантураның білім беру бағдарламасының белгіленген оқу нәтижелеріне жету үшін қажетті уақытпен өлшенеді.
Оқу жүктемесіне докторанттың барлық оқу қызметі: дәрістер, семинарлар, топтық сабақтар, топтық жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, өндіріс орнындағы практика, ғылыми немесе кәсіби тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (тәжірибелік-зерттеу жұмысы), оның ішінде ғылыми жетекшінің басшылығымен.докторлық диссертацияны жазу мен қорғау, өзіндік жұмыс кіреді.
МЖБС талаптарына сәйкес докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
ДЖЖЖ диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі көзделеді.
Докторанттың жеке жұмыс жоспары барлық оқу кезеңіне жасалады және ДЖЖЖ құрылымы МЖБС талаптарына сәйкес анықталады.
Докторанттың оқу жүктемесін анықтауда оқу жылы нысанын Академия дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады.
Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте білім алушы бір семестр ішінде кемінде 30 академиялық кредитті меңгереді.
Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.
Философия докторларын (PhD) (бейіні бойынша докторлар) даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруі болып табылады.
11.7 Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің үшінші дәрежелі Дублин дескрипторлары (докторантура) негізінде анықталады және оқыту нәтижелері арқылы меңгерген құзыреттіліктерін көрсетеді.
Оқыту нәтижелері барлық білім беру бағдарламасы деңгейінде де, сондай-ақ жеке модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де қалыптасады.
Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі Біліктіліктің кешенді негіздері шеңберіндегі үшінші деңгейлі дескрипторлар білім алушының мынадай қабілеттерін көрсететін оқыту нәтижелерін айқындайды:
1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру;
2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;
3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу;
4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;
5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;
6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.
Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және сараптама нәтижелері бойынша ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның диссертациялық кеңестерінің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің оң шешімімен докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаларға философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі және «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) сәйкес диплом және оның қосымшасы (транскрипт) беріледі.
Академияда докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқытудың толық курсын меңгерген, бірақ докторлық диссертациясын қорғамаған докторантқа келесі жылдары диссертация қорғауға мүмкіндік беріледі.
11.8. Докторантураның оқу мерзіміне қойылатын талаптар
Докторантурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгілеген көлемі меңгеріліп, күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда білім беру бағдарламасы толық меңгерілген болып есептеледі.
Докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

4. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру

12. Білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері мен өткізу МЖБС және «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығына оқытудың кредиттік технологиясы негізінде жүзеге асырылады.
13. ЖОЖ-лар Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінде, Ғылыми кеңесінде талқыланады және Ректормен бекітіледі.
14. Жұмыс оқу бағдарламаларын Академия білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша әзірлейді.
ОӘК отырысында қаралғаннан кейін жұмыс оқу бағдарламаларын оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін проректор бекітеді.
15. Оқу процесі академиялық күнтізбелер мен оқу сабақтарының кестесі негізінде ұйымдастырылады.
Академиялық күнтізбелерді Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Академия ректоры бекітеді.
16. Академияда оқу процесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүзеге асырылады.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі академиялық кредиттердің тұтас санын құрайды.
Бұл ретте пән кемінде 1-ден 5 академиялық кредитке дейін бағаланады.
Кредиттік оқыту технологиясы ББ және ЖОЖ-ға сәйкес академиялық кредиттердің жинақталуымен пәндерді және (немесе) модульдерді оқуды өз бетінше жоспарлау және реттілігі негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіптік практика (тағылымдама), ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыс және білім алушылардың қорытынды аттестаттауы білім алушылардың 54 сағатқа (6 күндік жұмыс аптасында күніне 9 сағат) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты апталармен айқындалады.
17. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысы ОБӨЖ және БӨЖ-ге бөлінеді.
Оқу бағдарламасының неғұрлым күрделі мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ кафедра меңгерушісі бекіткен жеке кесте бойынша пән бойынша білім алушылармен жеке жұмыс үшін оқытушының басшылығымен білім алушылармен өзіндік жұмыс (бұдан әрі – өзіндік жұмыс) жүргізіледі.
Өзіндік жұмыс жеке кестеде көрсетілген уақыт кезеңінде жүргізіледі.
Жүргізілетін өзіндік жұмыс көлемі білім алушыдан оларды міндетті түрде орындауды талап ететін тапсырмалармен расталады. Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар пәннің тиісті тақырыбының ЖОБ негізінде әрбір білім алушы үшін ПОҚ-пен жеке анықталады.
Білім алушылармен өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау бойынша материалдар оқу жылы аяқталғаннан кейін акті жасала отырып жойылады.
Оқу іс-әрекетінің барлық түрлері бойынша білім алушының оқытушымен және БӨЖ-бен байланыс жұмысы арасындағы уақыт арақатынасын Академия дербес анықтайды. Бұл ретте аудиторлық жұмыс көлемі әрбір пән көлемінің кемінде 30 пайызын құрайды.
18. Теориялық оқытуды және аралық аттестаттауды жоспарлау кредиттердің бірыңғай көлемімен жүзеге асырылады. Әрбір пән бойынша кредиттердің жалпы саны оны оқуды да, осы пән бойынша аралық аттестаттау нысандарын дайындауды және аяқтауды да қамтиды.
19. Әр оқу пәнін зерделеу қорытынды бақылаумен аяқталады.
Академияда әр пәнді зерделеу аяқталған соң, білім алушылар емтихан нысанында қорытынды бақылау тапсырады. Егер пәннің ұзақтығы екі және одан көп академиялық кезеңнен тұрса, әр академиялық кезең аяқталған соң емтихан нысанында аралық бақылау өткізіледі. Кәсіптік практикалардың, тағылымдамалардың барлық түрлері қорғау арқылы бағаланады.
Кредиттер мен бағаларды көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде игерілген пәндер және (немесе) модульдер, оқу жұмысының басқа түрлері транскрипте көрсетіледі.
20. Оқу жылына оқу пәндерін оқыту сапасын арттыру үшін оқу сабақтарына ашық, өзара және бақылау сабақтарына қатысу кестелері жасалады.
21. Академияда білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға, орташа үлгерім балын көтеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақтығы 4 аптаға дейін жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі (бітіруші курсты қоспағанда).
22. Академияда оқу сабақтарының барлық түрлеріне, практиканың барлық түрлеріне және қорытынды аттестаттауға қолданылатын бір академиялық сағат 50 минутты құрайды.
23. Теориялық оқыту мен аралық аттестаттауды жоспарлау бірыңғай кредиттер көлемімен жүзеге асырылады, яғни әр пән бойынша кредиттердің жалпы саны оны оқытудан, сондай-ақ осы пән бойынша дайындықтан және аралық аттестаттау нысанынан өтуден құралады.
24. Академияда теориялық оқытуға теориялық оқу сағаттары (дәріс, семинар, практикалық сабақтар), әрбір оқу пәні бойынша аралық аттестаттау нысандарын дайындау және аяқтау, сондай-ақ БӨЖ (ОМӨЖ/ОДӨЖ, МӨЖ/ДӨЖ) кіреді, оларды жұмыс оқу бағдарламасына және тиісті кафедраның жоспарлы жүктемесіне сәйкес оқытушы дербес анықтайтын.
25. Әрбір пәнді зерделеу аяқтағаннан кейін білім алушылар емтихан түрінде қорытынды бақылауды тапсырады. Пәннің ұзақтығы екі немесе одан да көп академиялық кезең болса, әрбір академиялық кезеңнің соңында емтихан түрінде аралық бақылау жүргізіледі.
26. ПОҚ оқу жүктемесін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық жүктемесінің нормалары туралы» Академия ректорының 2019 жылғы 11 наурыздағы № 19 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Педагогикалық жүктемені жоспарлау сағатпен жүзеге асырылады.
1 академиялық сағат 50 минутқа тең деген нормаға сәйкес есептеледі.
ПОҚ жұмысының көлемі бес күндік жұмыс аптасымен сегіз сағаттық жұмыс күні ішінде белгіленеді.
27. Академиялық лек пен топтың толығуын Академия дербес анықтайды.
28. Білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында пән бойынша оқу және қорытынды бақылау процестері бөлінеді.
29. Білім алушыға оқу пәндері (модульдер) және оқу жұмысының басқа түрлері бойынша, сондай-ақ ББ зерделеу аяқталған соң академиялық кредиттер беру олардың қол жеткізген оқу нәтижелері оң бағаланған жағдайда жүзеге асырылады.
30. Білім алушының алдыңғы оқу деңгейлерінде және формальды білім берудің басқа ұйымдарында қол жеткізген оқу нәтижелері мен алған оң бағаларын ЖОО академиялық кредиттерді қайта санау арқылы дербес таниды.
31. Ауыстыру, қайта қабылдау кезінде қол жеткізілген оқу нәтижелері, білім алушының оң бағалары академиялық кредиттерді бір ББ-дан екіншісіне, бір білім беру ұйымнан екінші білім беру ұйымына ауыстыру арқылы танылады.
32. Барлық академиялық кредиттер және білім алушының формальды және формальды емес білім берудегі алған оқу нәтижелері бүкіл өмір бойы жиналады.
33. Күндізгі оқыту, сондай-ақ қашықтықтан оқытуды қолдану Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5-1-бабының 4-1 тармақшасы негізінде әзірленген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 101 бұйрығымен бекітілген Академияда қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Барлық оқу-әдістемелик құжаттар (ЖОЖ, Академиялық күнтізбелер, сабақ кестелері), жұмыс оқу бағдарламалары мен пәндер бойынша дәріс тезистері, сондай-ақ ПОҚ портфолиосы, білім алушылардың анықтамалығы және нормативтік-құқықтық актілері Академияның «E-Aкадемия» және ҚОЖ ақпараттық жүйелерінде орналастырылған, кіру білім алушының және ПОҚ логиндері мен парольдері арқылы жүзеге асырылды.

5. Ағымдағы, шекті, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі

34. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау және тексеруді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес:
1) ағымдағы бақылау;
2) шекті бақылау;
3) аралық аттестаттау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
35. Пән бойынша рұқсат беру рейтингісін бағалау негізінде білім алушының үлгеріміне ағымдағы бақылау бағаларын қою нәтижелері бойынша кафедра меңгерушілері ЖОКБИ директорының атына, рұқсат беру (рұқсат бермеу) туралы ақпарат енгізеді.
Білім алушылармен ағымдағы бақылау тапсырмаларын орындау бойынша материалдар емтихандық сессия аяқталғаннан кейін үш күнтізбелік ай аяқталғаннан кейін акті жасала отырып жойылады.
36. Межелік бақылау әрбір пән бойынша аттестатталатын пән бойынша оқу сабақтарын өткізген оқытушымен жеке жүргізіледі.
Межелік бақылау ЖОКБИ директоры бекіткен межелік бақылау кестесі бойынша жүргізіледі.
Межелік бақылаудың бағалары ведомосқа межелік бақылау жүргізілген күннен кешіктірілмей қойылады және Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасына ұсынылады.
Білім алушылармен межелік бақылау тапсырмаларын орындауы бойынша материалдар емтихандық сессия аяқталғаннан кейін үш күнтізбелік ай аяқталғаннан кейін акті жасала отырып жойылады.
37. Аралық аттестаттау емтихан тапсыру нысанында жұмыс оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Аралық аттестаттау өткізу үшін ЖОКБИ директоры бекітетін емтиханды өткізу кестесі құрастырылады.
38. Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар «А»-дан «D»-ға дейін азаю арқылы және «қанағаттанарлықсыз» – «FX», «F») балдармен бағаланады.
«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.
«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
39. Аралық аттестаттау материалдары (емтихан материалдары, билеттер) емтихандық сессия аяқталғаннан кейін үш күнтізбелік ай аяқталғаннан кейін акті жасала отырып жойылады.
40. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеру магистрлік диссертацияны (жобаны) дайындау мен қорғаудан және кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырудан тұратын қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
41. Кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын, оны өткізу нысанын және тапсырмалардың мазмұнын Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының кафедралары осы кешенді мемлекеттік емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде әзірлейді.
Кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасы Академияның ОӘК шешімімен бекітіледі.
42. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламасының, жұмыс оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған, сондай-ақ диссертациялық зерттеудің (жобаның) нәтижелері бойынша алдын ала қорғаудан (кеңейтілген мәжілістен) өткен магистранттар жіберіледі.
43. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу тізім бойынша Академия ректорының бұйрығымен қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей ресімделеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясына (бұдан әрі — МАК) ұсынылады.
44. Дәлелді себептермен қорытынды аттестаттауға келмеген білім алушы оның жазбаша өтініші негізінде және МАК төрағасының рұқсатымен қорытынды аттестаттау рәсімінен өтуге МАК отырысының басқа күні жіберілуі мүмкін.
45. Кешенді мемлекеттік емтихан Ректордың № 34 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
46. Кешенді мемлекеттік емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы. Апелляцияға өтініш Академия ректоры белгілеген тәртіпте қаралады.
47. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға ұсыну, сондай-ақ магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау жөніндегі МАК отырысын ұйымдастыру және өткізу Академия ректорының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Қорғау алдында магистрлік диссертация (жоба) Академияның Бөтен мәтінді пайдалануды анықтау мәніне жұмыстарды тексеру регламентінде белгіленген шекті көрсеткіштерге сәйкес онда бөтен мәтіннің бар-жоғы тексеріледі.
48. Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгеру қорытынды аттестаттаумен аяқталады, ол докторлық диссертацияны жазу және қорғау нысанында жүргізіледі.
49. Қорғағанға дейін докторлық диссертация:
1) докторант бекітілген бітіруші кафедра отырысында алдын ала талқылау;
2) Академия докторантурасы білім алушыларының зерттеулерін этикалық бағалау жөніндегі комиссияда қарау;
3) бітіруші кафедралардың кеңейтілген отырысында алдын ала талқылаудан өтеді.
50. Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертацияны қорғаған докторантқа Диссертациялық кеңестің оң шешімі болған жағдайда философия докторы (PhD) дәрежесі, диплом және қосымша (транскрипт) беріледі.
51. Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгерген және диссертацияны сәтті қорғаған жағдайларда докторантқа оқу мерзіміне қарамастан философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.
Докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқытудың толық курсын меңгерген, бірақ докторлық диссертациясын аяқтамаған докторант келесі жылдары диссертация қорғауға мүмкіндік бере отырып, өз өтініші бойынша Академиядан шығарылуы мүмкін.
52. Докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқытудың толық курсын меңгерген, бірақ докторлық диссертациясын қорғамаған докторантқа келесі жылдары диссертация қорғауға мүмкіндік беріледі.
53. Оқуды бітіргеннен кейін бір жыл өткен соң докторантқа бітіруші кафедралардың кеңейтілген отырысында докторлық диссертациясын қайта талқылағаннан кейін диссертациялық кеңесте қорғауға рұқсат етіледі.
54. Академияның бітіруші кафедраларының мәжілісінде және кеңейтілген отырысында диссертацияларды алдын ала талқылау, сондай-ақ Академия докторантура студенттерінің зерттеулерін этикалық бағалау жөніндегі комиссияның диссертациялық жұмыстарды қарау тәртібі ректордың бұйрығымен айқындалады, кафедрада талқылау үшін жұмыс сапасын тексеру Бөтен мәтінді пайдалануды анықтау мәніне жұмыстарды тексеру регламентінде сәйкес айқындалады.

6. Білім алушыларды оқудан шығару, ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі

55. Білім алушыларды оқудан шығару тәртібі Академия ректорының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 83 бұйрығымен бекітілген Академия магистратурасында және докторантурасында білім алушылардың ішкі тәртіп қағидаларымен регламенттелген.
56. Білім алушыларды оқудан шығару, ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 59 бұйрығымен бекітілген Академияда білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларымен анықталады.

7. Білім беру процесінің транспаренттілігі

57. Академияда білім беру процесін ұйымдастыру ашықтық, айқындық, объектілік қағидаттарында және этикалық номаларына сай іске асырылады.
58. Академия қызметі қағидаларына сәйкес (2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрық) оқу процесінің негізгі қағидаты академиялық адалдық болып табылады.
59. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында Академияда жоғары білімнің еуропа кеңістігінде (ESG) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі құрылады.

8. Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары және міндеттері

60. Оқу тәртібін және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бойынша білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Академия ректорының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 83 бұйрығымен бекітілген Академия магистратурасында және докторантурасында білім алушылардың ішкі тәртіп қағидаларымен көзделген.
61. Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты қызметкерлерінің міндеттерін бөлу туралы актімен регламенттелген.