Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1 сәуір — 25 шілде аралағында өтеді, мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі 94, индекс 010078.
Сондай-ақ құжаттарды қабылдау «Қадағалау», «ЕҚАБЖ» АЖ арқылы сканерленген нұсқада да жүзеге асырылуы мүмкін (құжаттардың түпнұсқаларын түсу емтихандарын өткізу кезеңінде ұсыну қажет).
Оқуға қабылдау тәртібі мен құжаттар тізімі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың 2023 жылғы 27 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген) реттеледі.
Түсу емтихандары екі кезеңде өткізіледі:
1-кезең: 2024 жылғы 10-15 тамыз аралығында шет тілінен емтихан. Емтиханның тәртібін, өткізілетін орнын, күнін, уақытын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы анықтайды.
2-кезең: 2024 жылғы 15-20 тамыз аралығында мамандық бойынша түсу емтиханы. Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі 94 мекенжайы бойынша Академия ғимаратында өтеді (емтиханға шет тілінен кем дегенде 30 балл жинаған үміткерлер, сондай-ақ шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың біріне ие үміткерлер жіберіледі).
ТҮСУ ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ:
1. Әділдік
2. Ашықтық
3. Мүмкіндіктің теңдігі
4. Кәсіби білім мен тәжірибе конкурстық іріктеудің жалғыз өлшемшарты болып табылады.
МАҚСАТ: Магистратура мен докторантурада оқуға ең үздік кандидаттарды іріктеу
ШЕШІМ: Қойылған мақсатқа қол жеткізу және қағидаттарды іске асыру үшін Академия өз білімі арқылы болмаса, басқа мүмкіндігін болдырмайтын түсу емтиханын өткізу жүйесі қолданады, онда мыналар көзделген:
1. Емтихан өткізу кезінде қабылдау және бақылау режимі
1.1 Емтихан өткізілетін күні Академия ғимаратында тек Академия ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау және емтихан комиссияларының, бақылау тобының мүшелері (құқық қорғау органдарының өкілдері) ғана бола алады.
1.2 Оқуға үміткерлерді кіргізу қабылдау комиссиясының тізіміне сәйкес қатаң түрде жеке куәлік бойынша жүзеге асырылады.
1.3 Техникалық құралдардың көмегімен емтиханға жіберуге тыйым салынған заттардың (ұялы құрылғыларды, смартфондарды, флэш-толтырғыштарды, SMART-құрылғыларды, планшеттерді, құлаққаптарды, теле-радио коммуникациялық құрылғыларды, шпаргалка, оқулықтар және т.б.) болуына тексеру жүргізіледі.
1.4 Бейнебақылау камералары, оның ішінде бейнежазба арқылы бақылау жүзеге асырылады, сондай-ақ онлайн-трансляция қамтамасыз етіледі.
2. Білімді бағалауда ашықтық және объективтілік
2.1 Жауап беру парақтарында штрих-кодтар қолданылады. Емтихан комиссиясының мүшелері тексерілетін жауап парағы қай кандидатқа тиесілі екені туралы ақпаратқа қол жеткізе алмайды.
2.2 Емтихан билетінің әрбір тапсырмасы бойынша кандидаттың жауабын бірнеше емтихан қабылдаушы тексереді.
Емтихан бағасы билеттің әрбір сұрағы бойынша орташа балл шығару және орташа балдарды қосу арқылы қойылады.