Шетел тілі бойынша емтихан (таңдау бойынша – ағылшын, неміс, француз) 10 – 15 тамыз аралығында өткізіледі (өткізу тәртібін, өткізілетін орнын, күнін, уақытын Қазақстан Республикасы ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын анықтайды).
Шет тілінен емтихан тапсыруға онлайн режимде өтініш беру және сынама тестілеуден өту бойынша қосымша ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz, app.testcenter.kz сайттарында.
Өту балы: 30 балдан кем емес (бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша)
Шет тілін меңгеруді растайтын мынадай халықаралық сертификаттары бар үміткерлер босатылады:
Ағылшын тілі:
магистратуруға: TOEFL IBT кемінде 60 балл // TOEFL PBT кемінде 498 балл // IELTS Academic кемінде 6,0
докторантураға: TOEFL ITP кемінде 460 балл // TOEFL IBT кемінде 46 балл // TOEFL PBT кемінде 453 балл // IELTS Academic кемінде 5,5
Неміс тілі:
магистратуруға: DSH (Niveau С1/С1 деңгейі) // TestDaF-Prufung (Niveau С1/С1 деңгейі)
докторантураға: DSH (Niveau В2/В2 деңгейі) // TestDaF-Prufung (Niveau В2/ В2 деңгейі)
Француз тілі:
магистратуруға: TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес // DELF – B2 деңгейі // DALF –C1 деңгейі // TCF – кемінде 50 балл
докторантураға: TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес // DELF – B2 деңгейі // DALF – B2 деңгейі // TCF – кемінде 50 балл
- Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 5 жыл ішінде білім алған адамдар
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға шетел тілі (ағылшын тілі) бойынша түсу емтихандарынан босатылады.
2) докторантураға түсу үшін шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.