Құқық қорғау органдары академиясында АҚШ Мемлекеттік департаментінің Құқық қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Дадли бастаған Нұр-Сұлтан қаласындағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігінің өкілдерімен онлайн-кездесу өтті.
Кездесуге қатысушылар киберқауіпсіздікке қарсы іс-қимыл, қаржылық (салықтық) және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу, адам саудасы, есірткінің заңсыз айналымы және т. б. саласында Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы одан әрі екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Американдық тарап Академияның жаңа білім беру бағыты – кәсіби оқыту аясында оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде сараптамалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ қалыптасқан сындарлы диалогты жалғастыруға және дамытуға дайын екендіктерін білдірді.