2020 жылдың 18 мамырда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың бірінші бөлігі құттықтау іс-шараларына арналды.
Академия профессоры, 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Асқар Асанханұлы Секішевті 60 жасқа толған мерейтоймен құттықтады.
Академия Ректоры доцент – Ж.С. Сейтаеваға; бас ғылыми қызметкер – Н.К. Иманғалиевқа; доцент – Р.А. Медиевке қауымдастырылған профессор (доцент) атағын беру туралы аттестаттарын тапсырды.
Отырыстың екінші бөлігінде 2019-2023 жылдарға арналған Академияның даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарының орындалу нәтижелері туралы есеп тыңдалды, 2020 жылы Академияның магистратурасы мен докторантурасына қабылдауды ұйымдастыру туралы мәселелер қарастырылды, сонымен бірге, Академиялық күнтізбе мен Мемлекеттік аттестациялық комиссия құрамына енгізілген өзгерістер мақұлданды.
Сондай-ақ Академия қызметкерлерінің келесі ғылыми және оқу еңбектері жариялануға ұсынылды: «Вопросы усиления защиты прав предпринимателей и их законных интересов» атты монография (авторлар ұжымы, Г.Қ. Шушикованың жалпы редакциялығымен); «Процессуальные издержки досудебного расследования в Республике Казахстан» атты монография (авторлар ұжымы: М.И. Шереметьев, А.Т. Карипова, Е.А. Омаров, Б.Ж. Шоткин, Н.С. Әлімқұлов, Т.Г. Маханов); «Қазіргі заң ғылымының дамуы: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы; «Нормотворческая деятельность в Республике Казахстан» атты оқу-әдістемелік құралы (авторлары: Ш.Ш. Шаяхметов, Н.Б. Рахимов); «Новеллы в современной криминалистике» атты монография (авторы Е.Н. Бегалиев); «Уголовные правонарушения против личности» атты оқу құралы (авторлары: Е.Е. Қаженов, А.С. Қаженова).