Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлеріне алғаш рет Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Олар Кәсіби деңгейді арттыру институтының доценттері Жанат Сейтаева мен Ренат Медиев, сондай-ақ Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Нұртай Иманғалиев.
Бұл жас ғалымдардың отандық ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесін лайықты бағалау. Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша олар жүргізетін ғылыми ізденістер маңызды әлеуметтік-практикалық мәнге ие.
Ғылыми атақтары ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру үшін ынталандыру болып табылады. Жоғары импакт-факторы бар халықаралық журналдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін кең перспективалар ашады.