Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы Дьердь Сабомен кездесті.
Кездесу барысында алдағы кезеңге арналған ғылыми және білім беру аспектілері бойынша Академия мен ЕҚЫҰ Офисі арасындағы ынтмақтастық мәселелері талқыланды.
Ұлан Байжанов өзінің алғы сөзінде Академия жұмысының негізгі бағыттары мен жобалары туралы айтып өтті.
Елші Дьердь Сабо өз кезегінде Ұлан Байжановқа жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Академия базасында Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб құру туралы жобаға қызуғышылығын білдірді. Хаб халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, адам саудасы, киберқылмыстылық, қаржы қылмыстары мен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша зерттеу және оқыту орталығы ретінде қалптасады.
Қазақстанның геосаяси орналасуын назарға ала отырып, хабта қазақстандықтармен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанның, ал болашақта Ауғанстан мен Пәкістанның құқық қорғау және арнайы органдары қызметкерлерін оқыту жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта тренингтерді ұйымдастыру үшін халықаралық дәрежедегі сарапшыларды тарту бойынша шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің өкілі Өңірлік хаб аясында жоспарланып отырған оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ осы жобаны халықаралық аренада ілгері жылжытуға жәрдемдесуге дайын екенін айтты.
Кездесу соңында ректор Д.Сабоның дипломатиялық қызметіне сәттілік тілеп, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі нығаюына сенім білдірді.