Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында жұмыс тобының отырысы өтті, онда «Жаңа экономикалық жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты ғылыми зерттеу жұмысы талқыланды.
Кездесуді Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырып отыр. Ол құқық қорғау органдарының өкілдерімен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп аталмыш тақырыпты талдауға кірісті.
Жиналысқа мүдделі органдардың яғни Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ ғылыми орталардың өкілдері қатысты.
Кеңесте өзара іс-қимыл және ғылыми-практикалық тәжірибемен алмасу мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар зерттеудің өзектілігін атап өтті және оны өткізуге дайын екенін білдірді.
Зерттеудің нәтижесі бойынша практиктердің ұсыныстарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен бизнесті қорғау саласы туралы заңнамалық, сондай-ақ ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірленетін болады.
Бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының проблемаларын объективті зерттеу үшін Академия азаматтық қоғам өкілдерінің зерттеу жұмысына белсенді қатысуын сұрайды. Әр ұсыныс пен ескерту қарастырылады және жұмыста пайдаланылады.
Ұсыныстарды Құқық қорғау органдарының академиясына: Ақмола облысы., Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16 мекен-жайы немесе 7171432@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы («Жаңа экономикалық жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы зерттеу бойынша жұмыс тобы үшін) жолдауға болады.