Ахметзәкіров Наиль Рафисұлы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы.
Еңбек жолын прокуратура органдарында бастады, әр жылдары аудан прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының С.Есқараев атындағы Институтының бөлім аға прокуроры қызметінде болған. Содан кейін Бас прокуратура қызмет істеді. 2011 жылдан бастап Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінде қоғамдық бірлестіктер туралы заңдардың, жекеменшік және кәсіпкерлік туралы заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі бөлімдерге жетекшілік етті.
Құрметті пайдаланушылар!
19 сәуірде сағат 11:00-де BNews.kz студиясында «Құқық қорғау органдарының академиясы: білім алудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында онлайн-конференция өтеді. Академия 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Қазақстанда заң кадрларын даярлаудың сапасын жақсартып отыр. Осы уақытқа дейін қандай нәтижелерге жетті және қазіргі уақыттағы жұмысы туралы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының м.а. Наиль Ахметзәкіров айтып береді.