Бүгін Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарының бесінші ағымы аяқталды.
Дайындықтан прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро, экономикалық тергеу қызметінің құқық қорғау органдарында басшылық лауазымда тұрған қызметкерлері, сондай-ақ Тұңғыш Президент -Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері қатысты.
Оқытудың негізгі мақсаты тыңдаушылардың басшылық лауазымдарға тағайындалуы үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқарушылық құзыреттіліктерін жетілдіру. Тыңдаушылар мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары, басқару қызметіндегі аналитикалық жұмыс негіздері, көшбасшылық пен басшының жеке тиімділі, басқарудың заманауи технологиялары бойынша білім алды.
Дәрісті Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Тұңғыш Президент кітапханасының қызметкерлері, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарының прокурорлары оқыды. Сондай-ақ білім беру қызметіне Ұлттық қорғаныс университетінің сарапшылары белсенді қатысты.
Курстардың аяқталуына арналған іс-шараға Академия проректоры Николай Турецкий мен Университет басшысы Асхат Рыспаев қатысты. Олар түлектерге Президенттік резерв курстарының аяқтағаны жөнінде сертификаттар мен төсбелгілер табыстады.