2017 жылдың 10 және 30 шілдесі аралығында магистратура және PhD докторантураға оқуға құжаттарды қабылдау басталады.
Қабылдау емтихандары осы жылдың 10 және 20 тамызы аралығында өткізіледі.
Магистранттар мен докторанттарды оқуға қабылдау 2017 жылдың 25 тамызына дейін жүргізіледі.
Оқу «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша өтеді. Білім беру бағдарламалары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Магистратураға жоғары білімі мен құқық қорғау органдарында бір жылдан астам тәжірибесі бар күш құрылымдары қызметкерлері қабылданады.
PhD докторантураға түсу үшін «магистр» дипломы мен құқық қорғау қызметінде үш жылдан астам тәжірибесі болуы қажет.
Академияда білім алу келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
— жоғары оқу орнынан кейінгі сапалы білім алу;
— блім беру және ғылыми жобалар аясында шетелдік тағылымдамалардан өту;
— тыңдаушылардың мәдени, спорттық және әлеуметтік қажеттіліктерін жүзеге асыру;
— өзге қаладан келгендерге арналған жатақхана;
— еңбекақының 70%-ы көлемінде стипендия, сыныптық шен немесе арнайы атақ пен біліктілік сыныбы үшін үстемақы төленеді.
Магистратура мен PhD докторантураға түсуге үміткерлер Академияның web–сайтына орналастырылған сауалнаманы толтыруы қажет. Толытырлған және үміткердің қолы қойылған сауалнаманың электрондық көшірмесін 7171330@prokuror.kz электрондық мекен-жайына жіберу қажет.
Білім беру мекемесіне түсу үшін қабылдау, құжаттарды тапсыру ережелерімен және қабылдау емтихандары туралы толық ақпаратпен Академияның academygp.kz web-сайтындағы «Талапкерлерге» атты бөлімінде таныса аласыздар.