Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті.
Қызметкерлердің балаларына және аудан тұрғындарына арналған қойылымдар, өткізілген отбасылық спорт ойындарының эстафетасы, көркемдік спектакль, балалар суреттерінің байқауы, тағамдар дайындау және басқа іс-шаралар ересектерді де қызықтырмай қоймады. Қойылымдарға Академия қызметкерлерімен бірге астаналық Қуыршақ театрының актерлары қатысты.
Барлық балалар мен олардың ата-аналарына және конкурс жеңімпаздарына іс-шараға белсенді қатысқаны үшін грамоталар, сыйлықтар берілді. Іс-шара соңында қатысушылар мен шақырылған қонақтар дастархан басына жиналып, өз балаларының дайындаған тағамдарынан дәм татты.
Мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардан шақырылған ата-аналар балаларға арнап өткізілген мейрам үшін Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясының басшылығына өздерінің ерекше ризашылдығын білдірді.
«Осындай акцияларды өткізу арқылы біз ата-аналардың моральдық-адамгершілік жауапкершілігін қалыптастыруға және отбасы институтын нығайтуға өз үлесімізді де қосамыз» — деп атап өтті Академия проректоры Роза Досымбекова.