Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясында облыс прокуратурасының басқарма басшысы, аудан (қала) прокуроры және облыс прокуроры лауазымдарына кадрлық резервте тұрған прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары аяқталды.
Бұл тыңдаушылардың үшінші легі, сондай-ақ жыл басынан бері оқудан осы санаттың 60-тан астам қызметкері өтті.
Оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың басқарушы лауазымдарға тағайындалуы үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқарушылық құзыреттіліктерін жетілдіру.
Ынтымақтастық туралы меморандум аясында курстар Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті алаңында өтті.
Тыңдаушыларға курстарды сәтті аяқтағаны жөнінде сертификаттар берілді.